Спорт

Шаңғышылар эстафетасы

 

 

 

Алдымен жарыс алаңына қыздар шықты. Барлығы 40 адамның басын қосқан бұл дода 4 кезең бойынша өткізілді. Оның әрбіреуінде 4 шаңғышы бағын сынады. Жарыстың шешуші кезеңінде шығысқазақстандық Виктория Абрамкина мәре сызығына 35 минут 30 секундта алғашқы болып жеттті.  

Виктория Абрамкина, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ студенті:
Қарсыластарым өте мықты. 4-ші кезең өте күрделі болғанмен, бірінші орыннан көріну үшін барымызды салу керек болды. Әрі өз командаңды жарға жықпау үшін аса зор жауапкершілікті сезінеді екенсің.

Не бары 3 секунд айырмашылықпен, командалық есепте екінші орынға Көкшетау Мемлекеттік университетінің қыздары ие болды. Бүгінгі сайыста жеңіс тұғырынан көріне алмаған Елена Сахнова қатарластарының әлдеқайда мықты болғанын айтады.

Елена Сахнова, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің студенті:
– Жарысқа шығар алдында өте толқыдым. Соның нәтижесіндей, мәре сызығына соңғы келіп, күткен нәтижені көрсете алмадым. Командамызбен бірінші орын аламыз деп келгенбіз. Дегенмен екінші орын да жаман емес.

Жүлделі үшінші орыннан Павлодар педагогика  институтының командасы көрінді. Олар 4 айналымнан тұратын 3 шақырымды 38 минут 29 секундта жүріп өтті.

Юлия Чичкова, Павлодар мемлекеттік педагогика институтының студенті:
– Мен сынға түскен кезеңде уақыт жағынан үлгеру үшін барымды салуға тырыстым. Жарысқа келер алдында жүлделі орындардан көрінсек деген үмітпен келген болатынбыз. Әрине бірінші орынға ие болмасақ та , үшінші орыннан көрініп отырмыз.

Келесі болып мәреге жасөспірімдер шықты. Бұл додада 60-қа жуық спортшыны құрайтын 13 команда сынға түсті.

Әспет Әбдірешова