Мәдениет

Украин әндерінің фестивалі

 

 

 

 Сахнаға бірінші болып Бескөл ауылынан келген «Мрия» ансамблі шықты. Қызылжар ауданының өнер ұжымы көрермендер назарына үш ән ұсынды. “Мрия” ансамблінің құрылғанына 10 жыл болыпты.

Анастасия Высоцкая, «Мрия» ансамблінің көркемдік жетекшісі, Қызылжар ауданы:
– Біздің ансамбліміз көптеген шараларға қатысуға тырысады.
Өйткені осындай шаралардың барысында сахна өнері шыңдала түседі. Әрі украин мәдениетімен танысуда да өте маңызды. Бүгінгі фестивальда жанымызға жақын әндерді орындадық.

Барлығы 15 өнер ұжымының басын қосқан конкурста негізінен украин халық әндері орындалды. Кеш барысында шырқалған әрбір әнді жиналған қауым ерекше ықыласпен тыңдады.

Аркадий Польшаков,  СҚО украин мәдени орталығының төрағасы:
Бұл бізде өткізіліп отырған 12-ші фестиваль. Биылғы жылы ол украинның ұлы ақыны Тарас Шевченконың туған күніне орайластырылып отыр. Оның қорытындысы бойынша үздіктер қараша айында Астана қаласында өтетін халықаралық фестивальға қатысады.   

Ал сайыстың ең жас қатысушылары ретінде «Украинская вечорница» ансамблі шықты. Олардың құрылғанына не бары 2 ай ғана болыпты.

Наталья Геращенко, «Украинская вечорница» ансамблінің мүшесі:
Бұл біздің ансамбліміз құрылғаннан бері сахнаға екінші рет шығуымыз. Алғаш рет біз Масленица мерекесінде өнер көрсеткен болатынбыз. Өз шеберлігіңді көрсету мен өзге де шығармашылық ұжымдармен танысуда фестивальдің маңызы зор деп ойлаймын.

Бүгінде облыста шамамен 50 000-ға жуық украин ұлтының өкілдері тұрады.

Әспет Әбдірешова