Қылмыс

Тоңазытқыштан табылған мүрде

 

 

 

Қатты қоқыстар полигонын мекендеген қаңғыбастардың айтуынша, сол күні таң ата қоқыс басына “Газель” көлігі келген. Көліктегі адам мұндағылардан есігі мықтап байланған тоңазытқышты түсіруге көмек сұрайды. Жас жігіт  тоңазытқышты ашуға рұқсат бермеген. Бейтаныс адамның оқыс мінезін қаңғыбастар ол кеткеннен кейін түсінеді. Полицейлер оқиға куәгерлерін, сондай-ақ полигонда жұмыс жасайтын адамдарды сұрастырып, көліктің жүк тасымалдаумен айналысатын фирмалардың біріне тиесілі екенін анықтады. Аталған фирмаға тапсырыс Мир көшесіндегі үйлердің бірінен түскен. Сол жерден қылмысқа қатысы бар адам да ұсталды.  Колледждің 4 курсында оқитын 20 жасар студент жігіт  педагогикалық колледждің 3 курс студентін өлтіргенін мойнына алды. Бұл жұп соңғы бір жыл бір шаңырақ астында өмір сүрген. Сол күні қыз үйге мас болып келген. Қызғаныш үстінде жігіт сүйіктісін тұншықтырып өлтірген, артынан денесін тоңазытқышқа тығып, құтылмақ болған. Қазір бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жалғасуда.

Дана Ғизатова