Мәдениет

“Есіл өңірінің жұлдыздары”

 

 

 

Байқаудың екінші кезеңін ең кішкентай өнерпаздар ашты. Жастарына қарамастан орындаушылық шеберліктері мен шығармашылық деңгейіне қойылар талап қатал. Сондықтын 6 жасар Рауана Жикемұратова аса жауапкершілікпен дайындалған. Оның көңілді әні көрермен көңілінен шықты.

Рауана Жикемұратова, өнер мектебінің оқушысы, Уәлиханов ауданы:
Мен көңілді ән айттым. Өзіме ұнады.

Қатысушылардың сахнада өзін-өзі ұстау шеберлігі, киім-киісі, табиғи әсем дауысы – осының бәрі таңдалған әнмен үйлесімділігін табуы қажет. Бұл шартты әр жеткіншек жіті түсініп, бар өнерін паш етуге тырысты.  Бүлдіршіндерден соң, 11-13 және 14-17 жас аралығындағы қатысушылар әзірлеген әндерін шырқау мүмкіндігіне ие болды. Екінші кезеңде 39 жеке әнші мен 8 ансамбль бақтарын сынады.

Әсел Малаева, Өнер колледжі – музыкалық-эстетикалық бейімдегі дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернат оқушысы:
Мен біраз дайындалдым. Өзіме ән айту өте ұнайды. Жүлделі орыннан көрінемін деп үміттенемін.

Көктемнің шуақты күндері ұйымдастырылатын байқауға қатысушылардың кәсіби деңгейі жылдан-жылға арта түскен көрінеді. Әнге деген талғамдары да жоғарылады дейді ұйымдастырушылар.

Фарида Әбілғазина, облыстық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығының бас режиссері:
Мұндай сайыс жыл сайын ұйымдастырылады. Жеңімпаздары республикалық байқауларға қатысу мүмкіндігіне ие болады.  

Байқауда бағы жанған үздік әншілер мен ансамбльдерге дипломдар мен естелік сыйлықтар тапсырылады.

 Инеш Шоқақова