Құрылыс

Электрондық қызмет көрсету аясы кеңейеді

 

Халыққа қызмет көрсету орталығында қажетті лицензия алу үшін ұзын-сонар кезекте тұрудың қажеттігі азайды. Енді үйде отырып-ақ электрондық портал арқылы керек анықтамалар мен өзге де мемлекеттік қызмет түрлерін онлайн режимінде алуға болады. Бүгінде порталда 119 қызмет түрі көрсетіледі. Соның бірі – лицензиялау қызметі.

Виталий Сосновский, халыққа қызмет көрсету орталығының инспекторы:
– Барлығы заң бойынша 125 лицензия түрі бар. Оның 80 пайызы электронды түрде 2011 жылы берілді. Биылғы жылы бұл қызметті 100 пайыз электронды нұсқаға көшіру жоспарда бар.

Қажетті лицензияны интернет арқылы алу қызметі облысымызда сәуірдің бірінен бастап енгізілмек. Осы уақытқа дейін мұндай қызмет еліміздің 4 қаласында көрсетілді.

Виталий Сосновский, халыққа қызмет көрсету орталығының инспекторы:
– elicese.kz  сайты арқылы тұтынушы сканерленген барлық қажетті құжаттарды жібереді. Кейін, тікелей онлайн-режим арқылы өзіне көрсетілетін қызметтің орындалу барысын қадағалай алады.  

Бүгінде өңір бойынша жыл басынан 3957 тұрғын электрондық қызметке жүгінген.  

Әйгерім Елеусізова, халыққа қызмет көрсету орталығының инспекторы:
– Бұрын біз лицензия беру үшін көптеген құжаттарды толтыратынбыз. Енді бұл қызметті жүзеге асыру үшін кезек күтпей үйде отырып-ақ өтініш беруге болады.

Электронды түрде көрсетілетін қызметті пайдалану мақсатында өткен жылы 16 000-ға жуық солтүстікқазақстандық е.gov.kz сайтына тіркелген.

Әспет Әбдірешова