Мәдениет

С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрында – премьера



 

Отбасындағы түсініспеушіліктен туындаған ұрыстың аяғы жұбайлардың ажырасуына әкеп соқты. Жалғыз қалған Қошқарбай қайта үйленуге бел буады. Басты кейіпкер, жас ғалым Әлімтай ойлап тапқан Робот әйелмен некелеседі. Темір әйелден жан жылулығын сезбеген ол бәйбішесінен жақсы жар таппайтынын түсінеді.

Батырбек Шамбетов, қойылымның режиссері:
– Шығарманың авторы өзбек драматургы Шараф Бошбеков. Оны қазақшаға аударған Берік Қорқыт ағамыз. Бұл драманың жанры қалжыңсыз комедия. Жай комедия емес. Бұл шығарманы қоюға екі ай жұмыс істелді.  

Халықаралық әйелдер күніне орай сахналанған қойылым әзіл-қалжың болғанымен астары адамға ой тастайды, мағынасы өте терең. Қойылымның басты рөлін үш актер сомдады. Темір әйел бейнесі Аида Супатаеваға тиген. Актриса өзіне сеніп тапсырылған рөлді жақсы ойнап шықты. Ал оның жары Қошқарбайды  актер Біржан Жалғаспаев, жас ғалым Әлімтайды Мұхамедәлі Испанов сомдады. Өзбек көмедиясы жергілікті көрерменнің көңілінен шықты.

Ержан Қабдуллин, әнші:
– Бүгінгі спектакль керемет өтіп жатыр. Әсіресе актерлар образға кіріп жатыр. Біржан Жалғаспаев, Мұхамедәлі Испанов сияқты. Қызылжардың мықты актерлары екенін көрсетіп отыр. Спектакель өте тамаша. Көңілімізден шықты.

 

Гүлбану Ахметова