Қоғам

«Нұр Отанда» әйелдерге құрмет көрсетілді

 
 

 

Бұл күні айтылған жылы лебіздер мен игі тілектердің барлығы үйдің ұйытқысы болып табылатын әйелдерге арналды. Бүгінгі күні олар ошақтың ұйытқысы болып, балаларды бағумен қатар еліміздің саяси өмірінде де белсенділік танытып жүр.  Осындай жүкті арқалап келе жатқан солтүстікқазақстандық нәзік жандарды жарқын мерекемен “Нұр Отан” партиясы төрағасының орынбасары Қайрат Пішенбаев та құттықтады.

Қайрат Пішенбаев, “Нұр Отан” ХДП СҚОФ төрағасының орынбасары:
-Облыстық “Нұр Отан” филиалының жұмыстарына белсенді қатысқан әйел азаматшаларды шақырып құрметтеп жатырмыз. Біздің «Нұр Отан» партиясының атынан  барлық солтүстікқазақстандық әйелдерді 8 Наурызбен құттықтап, тек қана жақсылық, отбасыларына аманшылық, махаббат, еліміздің гүлденуіне әлі де атсалысады деп ойлаймын.

Бүгінгі таңда жемісті еңбегі еленіп, жоғары бағаға ие болғандардың қатарында Теңдік Сәрсекеева да бар. Азаматша облыстық “Асыл Ана” қоғамдық бірлестігіне басшылық етуде. Бұл ұйым – тағдырдың тәлкегін бастан кешкен мүгедек жандарға талай жылдар бойы қол ұшын беріп келеді екен.

 Теңдік Сәрсекеева, “СҚО қарауында балалары бар мүгедек әйелдердің “Асыл Ана” ҚБ төрайымы:
– Солтүстік өңірдің аналарын келе жатқан Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын. Барлық аналар, қыздар, болашақ аналар бақытты болыңыздар!
Еліміз тиыштықта жақсылықта өркендей берсін.

Құттықтау сөздерден кейін өңірдің қоғамдық өміріне  белсенді араласып жүрген нәзік жандарға алғыс хаттар мен гүл шоқтары табыс етілді
 

Айдана Демесінова