Спорт

Бапкер-әйел

 

Ольга Ихтендрис екі жылдай жас конькишілер командасын жаттықтыруда. Ол өзі де осы балалардай кезінде конькиге алғаш тұрған болатын. Спорттың қай түрінде болмасын білікті бапкердің орны бөлек. Бұл ретте Ольганың жолы болып,  тәжірибелі жаттықтырушы Александр Суровяткиннен тәлім алды.

 

Александр Суровяткин, Қ.Байболов атындағы БЖСМ бапкері:

Ольга Владимировна маған сонау 82 жылы 7 сыныпта оқып жүргенде келді. Ол кезде біз «Энергия» стадионында жаттығатынбыз.

Ол кезде алдымен жақсылап коньки тебуді үйренсем деген мақсатым болды дейді Ольга. Біртіндеп спорттың осы түрін жақсы көріп кетеді, құрбылары сияқты ойын-сауық орындарын жағаламай, ұзақ жаттығуларға ден қойды. Алматыдағы Олимпиада резерві мектебінде оқыды, республикалық жарыстарға қатысты. СҚМУ дене тәрбиесі және спорт факультетін бітіріп, конькишілерді жаттықтыруды бастады.  

Ольга Ихтендрис, Қ.Байболов атындағы БЖСМ бапкері:

 – Бұл әйелдер үшін күрделі мамандық, жұмыста әйелсің бе, ер адамсың ба деп ешкім бөлмейді, дегенмен қазір бізде жаттықтырушы қызметінде жүрген әйелдер аз емес.

 
Спорт залда да, мұз айдынында да бапкер әрбір шәкіртпен жекелей жұмыс істейді.  

Олег Кремер, Қ.Байболов атындағы БЖСМ оқушысы:

 – Ольга Владимировна – тамаша бапкер. Оның басшылығымен мен де Роман Креч немесе Дмитрий Бабенко сияқты үлкен жетістіктерге жетемін деп ойлаймын.

Бүгінгі таңда қысқы спорт түрлері мектебінде алты бапкер   жүзден астам жеткіншекті жаттықтыруда. Олар    халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстан және Азия чемпиондары атанған шәкірттерін мақтан етеді.