Қоғам

Әйел – мейірімді ана, іскер басшы

Елена Левина отағасы Вячаслав пен кенжелері Романға таңғы ас әзірлеп ошақ басында жүр. Дастархан жайылып әрбірінің талғамына орай дәмді тағам пісіп, шай құйылды. Осылайша Елена күндегі әдетінше кішкентайын балабақшаға жинастырып, жұбайын жұмысқа шығарып салуда. Аяулы ана, сүйікті жар өткен жылы немере сүйіп ардақты әже атанды.

Елена Левина: 
– Жанұям бақытты өмірімнің тірегі. Үй шаруашылығы менің мойнымда болса да жұбайым мен балам қарап тұрмайды. Отбасымыздың берекесіне қатысты істердің бәрін бірге келісіп жасаймыз.  

Нәзік жан отбасы ұйытқысы, үйдің көркі болумен қатар заман талабына сай бизнеске білек сыбана атсалысып жүр. Үйдегі шаруаны тындырып, жұмысына аттанады. Іскер азаматша табысты бизнестің құпиясы жоқтығын айтады.

Елена Левина: 
– Әр адам алдына мақсат қояды. Тек әрбіреуіміз көздегеннен тайынбай, діттегенімізге жеткізе білетін ішкі шыдамдықты тәрбиелеуіміз керек. Қиындыққа мойымай, ерінбей еңбек етіп, іспен жеңуге ұмтылған жөн. Әйел адамның қолынан келмейтіні жоқ. Осыған көзім жетті.  

Елена Левина осымен бес жыл бойы үйдің жайлылығы мен сәнін келтіретін жиһаз жинау цехын басқарып келеді. Кәсібін дөңгелетіп, облысымыздың дамуына сүбелі үлесін қосуда. Бүгінде кәсіпорында шығарылатын сапалы өнім ел нарығында сұранысқа ие. 72 аталым бойынша жиһаз құрайтын алтын қол шеберлердің 45 пайызы нәзік жандар екен.

Наталья Черкасова, «Левин» ЖК есепшісі:
– Жігерлі жетекшіміздің арқасында табысты еңбек етіп жүрміз. Әрдайым жаңа ойлар салып, ісімізді жандандырып жібереді. Жалақымен ренжітпейді. Өз ісінің хас шебері деп айтсам артық болмайды. Біздей бірлігі жарасқан ұжым құра білетін қасиеті бар.  

Бұған қоса білікті жетекші қайырымдылық шараларына атсалысады.

Жеңіс Ермұқанов