Спорт

Универсиада-2012



 

 

 ІҮ қысқы универсиадаға Алматы қаласынан  42 спортшы келген. Оңтүстіктегі астанадан спортшыларды турнирге үкілеп әкелген Марат Тілеуқабылов бүгінгі шағын футбол жарысынан үлкен үмітіміз бар дейді. Ақтық сынға Павлодар мен алматылық аяқ доп шеберлері шықты. Бастапқыда футболшылар ұпай жағынан бірдей келе жатты. Алматылық ойыншы Нұрсұлтан Күлбараков пенальтиде павлодарлықтардың қақпасына гол соғып, құрамасына алтын медаль сыйлады. Жеңісті уысынан жіберіп алған павлодарлықтар еш мойымайды. Алдағы уақытта талай биіктерді бағындырамыз дейді

Азамат Сабитов, жарысқа қатысушы, Павлодар қаласы:
– Ең бастысы біз универсиадаға қатыстық, ел көрдік, көптеген басқа қалалардың студенттерімен таныстық. Келер жылы жақсылап дайындалып, жеңіс тұғырының бірінші сатысынан көрінуге тырысамыз.

Футзалдан қыздар арасында бірінші орында Е.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, екінші орында М.Қозыбаев атындағы СҚМУ , ал үшінші орында алматылық Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университетінің спортшлары. Ұлдар арасында алтынды Мұхамеджан Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы, күмісті С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті және қоланы қарағандылықтар еншіледі.