ТКШ

Қоғамдық тыңдауда жылу берушілердің өтініші талқыланды

“Петропавл жылу желілері” кәсіпорны нормативтік-техникалық ысырапты 17,6 пайыз деңгейінде бекітуді сұрап отыр. Бұл шығын көлемі биылғы жылы қазанның бірінен күшіне еніп, 2014 жылдың отызыншы қыркүйегіне дейін қолданыста болмақ. Кәсіпорын директоры Андрей Калиничев бұл деңгейдің мейлінше төмен екенін алға тартып отыр. Бүгінгі күні ысырап мөлшері 17,9 пайызды құрайды екен.

Андрей Калиничев, “Петропавл жылу желілері” ЖШС директоры:
– Жыл сайын нормативтік-техникалық ысырап мөлшерін төмендету үшін тиісті шаралар қолға алынуда. Нәтижесінде 2007 -ден 2012  жылға дейін жылу шығыны 22,5 пайыздан 17,6 пайызға дейін төмендеді. Яғни, 4,9 пайызға қысқарды. Бұл республикадағы ең төмен мөлшердің бірі.  

Осылайша, энергетиктердің айтуына қарағанда, тарифке енгізілетін, яғни тұрғындар төлейтін жылу ысырабының деңгейі жыл сайын төмендеп отырған көрінеді. Мөлшерден тыс нормативтік-техникалық шығын да осы уақытта азайыпты. Бірақ бұл бағыттағы жұмыс көңіл көншітпейді. Әйтеуір, бір қуантарлығы ысырап тарифке енгізілмейді екен. Яғни, кәсіпорынның өз шығыны.

Марат Мұстафин, ҚР табиғи монополияларды реттеу Агенттігінің СҚО бойынша департаментінің директоры:
-Нормативтік ысырап бойынша бүгінгі күні жағдай қалыпты. Ал мөлшерден тыс нормативтік-техникалық ысырапты азайту – осы күнгі өзекті мәселе. Өткен жылы бұл деңгей – 28,2 пайызды құрады. Бұл өте үлкен шығын. Мұның басты себептері қандай?

-Біріншіден жылу желілерінің тозығы жеткен. Құбырлар сексенінші жылдары төселген. Ал олардың қолдану мерзімі 25 жылды ғана құрайды. Мұнымен қатар жылу есептегіш құрылғыларын орнату қажет. Бүгінгі күні 4359 нысанның 2325-де құрылғы жоқ. Тағы бір себеп-қараусыз жатқан құбырлар. 6,5 шақырым желі кәсіпорынның меншігіне өтті. Әлі отыз км-ден астамы бар. Бүгінгі күні тағы бес км желіні қарауымызға алу үшін жұмыстар жүріп жатыр.  

Бұл мәселені 2015 жылға қарай толық шешеміз дейді Андрей Калиничев. Кәсіпорын энергия үнемдеу бағытында қажетті шараларды қолға алып жатқан көрінеді. Алдағы төрт жылда бес ірі жоба жүзеге асады. Қала орталығындағы магистральдік желілерді толығымен ауыстыру көзделіп отыр. 22 насос станциясын жаңғырту жоспарланған.

Айымгүл Әбілева