Бизнес және экономика

Қаржы вице-министрі солтүстікқазақстандықтармен кездесті

Берік Шолпанқұлов өз баяндамасын әкімшілік кедергілердің бүгінде 30 пайызға қысқарғанын айтып, қуанышты мәліметтен бастады. Биыл тағы соншаға азайту көзделіп отыр. Тұрғындарды жол мен қағаз машақаттарынан босату үшін электрондық жүйе іске қосылуда. Ол үшін  халыққа қызмет көрсету орталығына тіркелу жеткілікті. Республикалық ақпараттық -насихат  тобының мүшесі отандық тауарөндірушілердің ісі де алға басқанын сөз етті.

Берік Шолпанқұлов, ҚР қаржы вице-министрі:
– Қазір мемлекеттің қолдауымен жеке іс ашудың тиімді жолдары қарастырылған. Кәсібі дөңгеленген бизнес иелері де шаруашылығының іргесін кеңейту мүмкіндігіне ие. Жеңілдетілген несие алу үшін бірнеше бағдарлама қолға алынды. Тіпті өнімін сыртқы нарыққа шығарамын деушілерге жақсы демеу жасалады.  

Қаржы вице-министрі сыбайлас жемқорлықпен тиімді күресудің жолдарына да тоқталып өтті. Қазір әлеуметтік дерттің тамырына балта шабу үшін үкімет жаңа бағдарлама құрып жатыр. Жиналғандарды қолжетімді баспана бағдарламасы  қызықтырды.

 Наргүль Жиентаева:
– Облысымыз бойынша қанша шаршы метр жалдамалы пәтер салынады. Бұл бағытта өңірімізге қаржы бөліне ме?
Жауап:

-Бұл бағытта Қазақстан бойынша 40 млрд теңге қарастырылған. Заң нақты бекітілгеннен кейін әр облысқа бөлінеді.

Жиынға қатысушылар өзге де қызықтырған сауалдарын қойды. Жұмыс сапарының барысында Берік Шолпанқұлов өңір аудандарын да аралады. Вице-мнистр тұрғындардан түскен бар ұсыныстар мен өтініштер назарсыз қалмай, үкіметке жеткізілетінін айтты.

Жеңіс Ермұқанов