Спорт

“Жас Ұлан” аяқталды

 
 
Ақтық сынға Қостанай мен Көкшетау қаласының былғары қолғап шеберлері шықты. Соңғылары шаршы алаңдағы кездесулерде бір ұпай алда келе жатты. Алайда қорытынды жекпе-жекте қостанайлық Олжас Жармұхамедов қарсыластың бар талпынысын жоққа шығарып, соңғы раунта құрамасына қола жүлдені сыйлады. Сонымен қатар ол «Ең жақсы ойын техникасы» аталымы бойынша дипломға ие болды.

Олжас Жармұхамедов, жарысқа қатысушы, Қостанай қаласы:
– 12:11 есебімен біздің команда көкшетаулықтардан жеңіліп келе жатқан. Мен соңғы айқаста қарсыласымды ығыстырып, командама жүлделі орын сыйладым.

Қола жүлдемен қатар қостанайлық команданың жаттықтырушысы Василий Лавриненко «Ең үздік төреші» аталымында сыйлыққа ие болды.

Василий Лавриненко, Қостанай құрамасының бапкері:
– Өте тартысты жарыс болды. Қатысушылар жеңіске деген ұмтылыстарын көрсете білді.  

Ақтық сында Астана мен Петропавл боксшылары қолғап түйістірді. Бастапқыда шаршы алаң иелері ұпай жағынан алға шықты. Бірақ елордалықтар намысқа тырысып, жерлестерімізден басым екендерін ойынның ортасында дәлелдеп кетті.

Егор Хорольский, жарысқа қатысушы, Петропавл қаласы:
– Мен 4 рет қолғап түйістіріп, 3-нде жеңдім. Алайда, бұнда жалпыкомандалық есепте екінші орынды иелендік, бірақ алаң иелері ретінде бірінші орында болуымыз керек еді.  

Өңірдің атақты боксшыларын еске алу кубогінде Астана қаласының былғары қолғап шеберлері топ жарды.

Алматбек Ағыбаев, жарысқа қатысушы, Астана қаласы:
– Әрбір тартыс боксшыларға соңғы айқас ретінде саналады. Себебі, оның жекпе-жегінен ары қарай командасы шаршы алаңға шығар, шықпастығы белгілі болады. Мен 4 кездесу өткіздім, төртеуінде де қарсыластырымды тізе бүктірдім.

Жеңімпаздар дипломдар мен естелік сыйлықтарға ие болды.