Денсаулық күні

Спорт

16:55 5 Наурыз 2012

Жас мөлшеріне байланысты сайыскерлер берілген қашықтықтарды бағындыруға тырысып бақты.Солардың ішінде облыстық спорт және туризм бөлімінің бас маманы Қарлығаш Өркешева пима сайысында бірінші болып мәре сызығын кесті.

Қарлығыш Өркешева, облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының бас маманы:
– Мен өзімнің жас мөлшеріме қарай бірінші келдім. Мен өте қуаныштымын. Спорт басқармасында жұмыс істейтіндіктен бұл жеңістер маған еш бөгет жасамайды. Осындай спорттық шаралар, спорттық мерекелер салауатты өмір салтын нығайту үшін  жылына бірнеше рет өте берсін. Тек жеңіс тұғырында көріне берейік.

«Сұлулық, сәнділік» спартакиадасына тек нәзік жандар ғана емес, олардың отбасылары да қатысты. Мәселен, ерлер шаңғы жарысында 2 шақырым қашықтықты бағындырса, бұрымдыларға шаңғымен жарысу, шана жарысы және пимамен жүгіру сынды талаптар қойылды. Кедергілерден сүрінбей өткендердің арасында ҚР Ішкі Істер Министрлігінің ішкі әскері әскери институтының намысын қорғаған Зәуре Алиасқарова да бар. Салауатты өмір салтын ұстанған ана осындай спорттық мерекелік шаралар жиі өткізілсе дейді.

Зәуре Алиасқарова, сайыскер:
– Жанұямызбен шаңғы жарысына қатыстық. Және үлкен арақашықтықта пимамен жарысқа түстім. Спорт шараларына қатысуға әрқашан дайынбыз.

Сайыскерлер 3 жас ерекшелігі бойынша баптары мен бақтарын сынады. Константин Рыб егде тартқандар арасында бірінші орынға ие болды.

Константин Рыб, “ЛОРД” лецейінің директоры:
-Менің шаңғы жарысына ден қойғаныма 46 жыл  болды. Қазақстанның намысын халықаралық дәрежеде қорғаған кездерім де бар. Жасым 60-қа келсе де спортпен қоштасу ниетімде жоқ. Сондықтан әлі де болса биік шыңдарды бағындырамын. Ал, сайысқа келсек, қарсыластарым осал болмады. Бірақ мен олардан озып, мәреге бірінші жеттім.

Жеңімпаздар медаль және грамоталармен марапатталды.

Гүлбану Ахметова