Аптадағы маңызды жаңалықтар

Уәлиханов және Ақжар аудандарының әкімдері тұрғындар алдында есеп берді

 

 

 

Алдымен өңір басшысы Уәлиханов ауданындағы жергілікті малды асылдандыруды қолға алуды көздеп отырған “Жолдаспай Агро” шаруа қожалығына соқты. Мұнда 139 бас семинтал тұқымдас сиырлар бағылуда. Шаруашылық басшысы Сүйіндік Жолдаспаев тағы 400 жоғары өнімді ірі қараны сатып алмақшы. Үстіміздегі айдың соңында тайыншаларды күтіп бағатын кешен құрылысы басталады.

Сүйіндік Жолдаспаев, “Жолдаспай Агро” ШҚ басшысы:
– СПК “Солтүстік” 15 пайызбен қаржы береді. Қалғанын «ҚазАгроФинанстан «10 жылға 4 пайыз лизинг аламыз. Бүгінде облыс  әкімі жер мәселесін шешіп береміз деп отыр. Бар жерге қора салуды бастаймыз күн жылысымен.  

Кейін өңір жетекшісі аудан әкімінің халық алдындағы есептік жиынына қатысты. Мұнда өзекті деген таза ауыз су мәселесі біртіндеп шешілуде. Бүгінде аудан тұрғындарының 89,3 пайызы тіршілік көзімен қамтылған.

Серікбай Тұралинов, Уәлиханов ауданының әкімі:
– 2011 жылы сумен қамту жүйесінің дамуына 33,6 млн теңге жұмсалды. Аудан тұрғындарына “Мөлдір су” МКК бүгінгі күгі 16 елді мекенге аудан кәсіпорындарына таза ауыз суды босату бойынша қызмет көрсетуде. Су есептегіш орнату арқылы орталықтандырылған сумен қамту жүйесіне 243 тұрғын үй қосылды.  

Жұмыс таба алмай отырған 1552 ауыл тұрғыны тұрақты табыс көзімен қамтылған. Дастан Бекболатов «Жұмыспен қамту -2020»  бағдарламасы аясында 2 млн теңге жеңілдетілген несие алыпты. Ол қаржыға жиһаз жинау цехын ашпақшы.

Дастан Болатбеков, кәсіпкер, Уәлиханов ауданы:
-Кәсіпорында жаңа бес орын. Келешекте 10-15 адамға жеткіземіз. Цехтың жұмысына 3 итальяндық құрылғы алдық. Сәуір айында толық іске қосуды жоспарлап отырмыз.

Ауылдықтарды алаңдататын ортақ мәселе – жолдардың әбден тозғандығы.

 Сұрақ:

– Омбыдан тасып жатқан қиыршық тас біздің жолымызды бүлдіруде.
Жауап:
– Ақсақал дұрыс айтады. Үкіметке осы мәселемен  шықтық. Омбы-Көкшетау трассасына смета жасап жатырмыз. Биылғы жылы болмайды, 2013-14 жылы жөндеуге кірісеміз.

42 жыл бұрын іргесі қаланған Кішкенекөл орта мектебіне де күрделі жөндеу қажет.

 Сұрақ:

– 33 жыл сол мектепте қызмет істеп жүрмін. Сол уақытта бір күрделі жөндеу жасалған жоқ. Бүгінде шатырымыздан су ағып, бірінші қабаттың едені шіріп жатыр.
Жауап:

– Төбені жөндеуді бәрін қарастырамыз.

Сондай-ақ өңір басшысы аудандық ішкі істер бөліміне қажет қызметтік көлік бөлінетінін жеткізді. Жиынды қорытындылаған Серік Біләлов аудан жетекшілеріне әсіресе кенже қалып тұрған мал шаруашылығын жөнге келтіруді тапсырды.

Серік Біләлов, СҚО әкімі:
 35 пайыз осы ауданда мал шаруашылығы кеміді. Биыл малдың санын көбейту керек. Ол үшін бағдарламалар бар. “Сыбаға” деген бағдарлама 18 млн қаржы береді. 5 жылға 6 пайыз.

Облыс әкімі Ақжар ауданында “Ақжол” шаруа қожалығының жұмысымен танысты. Руслан Махметов 17 млн теңгенің несиесіне қазақтың ақ бас сиырларын алуды көздеп отыр. Сондай-ақ Серік Біләлов мұндағы Талшық ауылында жұмыспен қамту бағдарламасының аясында салынған 8 үйдің иелеріне жаңа баспананың кілтерін табыс етті. Горький орта мектебіне “Газель” автокөлігі сыйланды. 70 шаршы метрлік 4 бөлмелі үйлердің құрылысына 58 млн теңге жұмсалған. Қоныстанушылар әлеуметтік ахуалы төмен Тұғыржап ауылының жұмыссыз тұрғындары.

Жанаргүл Аспанова:

– Тұғыржап ауылында жұмыс жоқ. Тұрмыс құру қиын болды. Талшықтан жаңа үй, жұмыс беріп, қуанып жатырмыз.

Ақжар ауданының бүлдіршіндері мектепке дейінгі тәрбиемен 87 пайызға қамтылған. Биыл ауданда тағы екі балабақша іске қосылып, бұл көрсеткіш 95 пайызға жетпек. Ақжарлықтармен кездескен аудан басшысы Ақзам Тастеміров те есептік баяндамасында ауылшаруашылығындағы жетістіктерін тізді. Биыл ақжарлықтарды толықтай тіршілік көзіне қосу  жоспарланған. Ал серіктестіктерге 1,5 мың бас ірі қара жеткізілмек. Әлеуметтік мәселелер де біртіндеп шешіліп жатқанға ұқсайды. Дегенмен, халықты тұрғын үй шаруашылығын жаңғырту, жол қатынасын жақсарту, қаржы институттарының аздығы алаңдаттады.

Серік Біләлов, СҚО әкімі:
– Ауылшаруашылығы техникасын жөндейтін орталық ашылмаған. Аудан мал дәрігерлерімен тек 75 пайызға қамтылған. 7 дәрігер жетіспейді. Елді мекендердің тек 41 пайызында кітапхана бар. Бұл мәселелердің орнын толтыру керек.  

Кейін өңір басшысы 240 орынға шақталған “Думан” мейрамханасына соқты. Мал кешендерін аралады. “Талпын Агро” ШҚ төрт түлігі сай. 1500 жылқы, 458 ірі қара, 200 қой, 31 түйе ұстайды.

Төлебай Ахмутдинов, “Талпын Агро” ШҚ басшысы:
– Биыл қосымша 100 бас қара мал аламыз. Қойды мыңға жеткіземіз. Мал соятын мекеме салып жатырмыз. Оның ішінде шұжық жасалады. Вакумды орама болады.

Жұмыс сапарының барысында облыс әкімі “Данил” ШҚ іс өрге домалап келетініне де көз жеткізді.

Оразбай Баймағамбетов, “Данил” ШҚ бригадирі:
– «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 17 млн теңге несие алдық. 100 бас тайынша, 3 бас бұқа сатып алдық. Өзіміздің малмен қосып түбінде асыл тұқымды мал репродукторын жасайтын жоспар бар.

Шаруашылық басшысы лизингті пайдаланып, мал азығын дайындайтын 2 трактор, шөп жинағыш арнайы техника алған.

Жеңіс Ермұқанов