Спорт

Қысқы универсиада басталды

 

 

ЖОО студенттері арасындағы ІҮ Қысқы Универсиадаға қатысушылар М.Қозыбаев атындағы СҚМУ алаңына жиылды. Турнирдің ашылу салтанатына СҚО әкімінің орынбасары Фархад Қуанғанов қатысып, спортшыларға сәт-сапар тіледі.
Универсиаданың басты мақсаты – студенттер арасында салауатты өмір салтын қалыптастырып, қысқы спортпен айналысуға үндеу. Жыл сайын сайыскерлердің санымен қатар сапасы да артып келеді дейді ұйымдастырушылар.

Бауыржан Рамазанов, ҚР Білім және ғылым министрлігі дене-шынықтыру ғылыми-практикалық орталығы директорының орынбасары:
– Қазақстан студенттері спорттан халықаралық студенттер одағының белсенді мүшесі атанды. Олар  6 қысқы,  жазғы ойындарда 68 алқа еншіледі.  

Биылғы универсиадаға Қарағанды, Қостанай, Тараз, Орал, Ақтөбе, Алматы, Астана жоғары оқу орындарының студенттері қатысуда. Барлығы 24 ЖОО, 8 спорт түрі, футзал, армрестлинг, пауэрлифтинг, қысқы спорттық бағдарлау, президенттік көпсайыс, шаңғы жарыстары және гір көтеруден күштерін сынамақ. Тараз мемлекеттік педагогикалық институтынан футзал, пауэлифтинг, қол күресінен бағын сынауға 12 спортшы келген. Мадияр Әлімкешов өз құрамасының жүлделі орыннан көрінетініне сенімді.

Мадияр Әлімкешов,  универсиадаға қатысушы:
– Біз былтырғы Өскеменде өткен универсиадада 5-ші орынды иеленген болатынбыз, бірақ биыл Петропавлдың суығына қарамастан, жоғары орындарды аламыз деп үміттенемін.

4 қысқы универсиада наурыз айының 12 жұлдызына дейін өткізілмек. Осы уақыт аралығында 55 алқа жиынтығы сарапқа салынады.