ТКШ

Су шаруашылығындағы жыл қорытындысы

 

 

 

“Қазсушар”республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Солтүстік Қазақстан филиалы Есіл өзенінің ағынын реттеу қызметін атқарады. Сондай-ақ өңірдегі су қоймаларындағы су қорын қадағалау да аталмыш мекемеге жүктелген. Өткен жыл қорытындысы бойынша осы салаға бөлінген тиісті қаржы толығымен жұмсалыпты.

Аманжол Қожағұлов, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің «Қазсушар» РМК СҚФ директоры:
– Біздің Сергеев су торабы электр энергиясын шығарылады. Сол энергияны көбінесе біздің филиал “Есіл суға”, топтық су құбырларға су береміз.
Қорытынды бойынша былтырғы жылғы табысымыз – 126 млн теңге, шығынымыз – 123,7 млн теңге. Таза табыс 2,3 млн теңге.  

Бүгінде мекеме қаладағы 6 кәсіпорынды сумен қамтамасыз етіп отыр. Олардың қатарында “Севказэнерго” ЖШС, “Петропавл су” АҚ сынды ірі су пайдаланушы мекемелер бар. Қазақстан-Ресей трансшекаралық комиссиясының шешімі бойынша Есіл өзенінің суы Түмен облысына қарасты Ишим қаласына, одан басқа облысымыздың бірқатар аудандарына да жеткізіледі.

Аманжол Қожағұлов, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі су ресурстары комитетінің  «Қазсушар» РМК СҚФ директоры:
– Біздің су тұтынушылар бірінші «Петропавл су» АҚ,  сосын Ақмола филиалы, «Есіл су» су топтық құбырлары, Көкшетау, Булаев, Преснов, Соколовқа  100 пайыз берілді. Сусыз қалған тұтынушылар жоқ.  

Сумен қамтамасыз ету жұмыстары үшін 2011 жылы 62 миллион теңге игерілсе, биыл республикалық 6юджеттен 67 млн теңге қаржы бөлініп отыр. Жыл сайын көктем маусымының келуімен мекеме су тасқынына дайындық жұмыстарымен айналысады.

Аманжол Қожағұлов, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі су ресурстары комитетінің  «Қазсушар» РМК СҚФ директоры:
– Тағы бір қызметіміз – су тасқынын қарсы алу. Қарсы алатын іс-шаралар өткіземіз. Су тасқыны кезінде су  Сергеев, Петропавл су қоймаларын толтырамыз. Жыл сайын келесі су тасқынан дейін сол суды жеткізу керек.

Кәсіпорынға қарасты Сергеев және Петропавл су қоймаларының тораптарын жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгінде осы мақсатта бөлінген қаржының 150 миллион теңгесі игерілген. Жөндеу жұмыстарын 2012 жылы аяқтау көзделіп отыр.

Әспет Әбдірешова