Спорт

“Жас Ұлан” кубогы

 

 

Турнирдің алғашқы күні-ақ астаналық спортшылар жақсы нәтиже көрсетті. Қарағандылық боксшылармен өткен кездесуде осы құраманың барлық ойыншылары қарсыластарын тізе бүктіріп, айқын басымдық танытты. Азат Қамзин 48 келі салмақта шаршы алаңғы шығып, құрамасына жеңіс сыйлады.

Азат Қамзин, жарысқа қатысушы, Астана қаласы:
– Осы жарысқа өте қатты дайындалдық. 20 күн жиын болды бізде Астанада. Бүгін Қарағанды қаласын өте жақсы жеңдік. Келесі бойда біз Омск қаласымен кездесеміз.

Сондай-ақ, бұл күні Омбы қаласы мен қостанайлық боксшылар да сынға түсті. Кездесу нәтижесі бойынша Қостанай құрамасы 18:7 есебімен басым түскен. Құрамында 7 боксшысы бар Омбы командасы жеңістен үмітімізді үзбейміз дейді.

Иван Ерхов, жарысқа қатысушы, Омбы қаласы:
– Бүгінгідей жарыс бізге тәжірибе жинақтауда көп септігін тигізеді деп ойлаймын. Алғашқы кездесулер сәтті болған жоқ. Дегенмен жақсы нәтиже көрсету үшін барымызды саламыз.

Барлығы жарысқа 8 командадан 80-ге жуық спортшы қатыспақ. Боксшылар 49-75 келі салмақта өнер көрсетеді.

Нұрлан Абдрахманов, бокстан балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры:
– Турнирға 93- 94 жылғы жастар мен одан ересектер қатысады. Жарыс маиба ережесі бойынша өтеді. Яғни әрбір үш раунд екі минуттан болады. Ал бүгін алдын-ала кездесулер өтуде.

«Жас ұлан» кубогының жеңімпаздарының есімі наурыздың 3-і күні белгілі болады.

Әспет Әбдірешова