Спорт

“Солтүстік жұлдызы”

 

 

 

Алаңда қардың жатқанына қарамастан аяқ доп шеберлері бірден қызу ойынға берілді. 1 матчті «Виктория» балалар мен жасөсіпірімдер спорт мектебінің «ДЮСШ-98» және «Жеңіс-2000» командалары ашты. Ойынның 5 минутында қарсыластарының қақпасына «Жеңіс-2000» тобының футболшысы гол соқты. Бірақ «ДЮСШ-98» командасы  матчтің 15-ші минутында есепті теңестірді. Екінші таймның соңында алаң иелері 4:1 есебімен қарсыластарынан басым түсті. Андрей Истоминнің аяқ доп спортымен айналысып жүргеніне 4-ші жыл. Ол қысқы футбол спортшылар үшін үлкен жаттығу дейді.

Андрей Истомин, турнирге қатысушы:
– Қыс мезгілінде ойнаған бізге өте тиімді. Бұл айларда доп қар бетінде сырғанай береді, сондықтан оны дәл тебе білу, аяғыңды дұрыс қоя білу тактикасын жақсы үйренуге болады.Ал жазда осы үйренгендердің барлығын тәжірибеде қолдана аламыз.

«Солтүстік жұлдызы» республикалық турниріне Қазақстан және Ресей футболшылары қатысуда. Барлығы 150-ден астам спортшы. Жетінші жыл қатарынан өткізіліп келе жатқан жарысқа қатысамын деушілердің қатары толығуда дейді футболдан балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің оқу ісі жөніндегі меңгерушісі Нина Завгородняя.

Нина Завгородняя, футболдан балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің оқу ісі жөніндегі меңгерушісі:
-Биыл жарысқа Омбы, Қостанай, Тимирязев, Көкшетау, балалар мен жасөсіпірімдер спорт мектібінің 98-99 жылғы, «Жеңіскомандалары жиналды. Аталмыш жарысты біз жылда өткізіп тұрамыз. Биыл 12 команда қатысуы тиіс еді, бірақ 8 топ қана келе алды.

Ойын наурыздың 4-на дейін өткізілмек. Турнирдің соңғы күні жүлделі орын алған командалар кубок, дипломдармен марапатталады. Сондай-ақ ең жақсы қорғаушы, қақпашы, шабуылшы аталымдары бойынша сыйлықтар өз иелерін таппақ.