Құқық қорғау органдары

Кәсіпкерлерді негізсіз тексерулер

 

 

Соңғы жылдары мемлекеттік қадағалау институтының жұмысына бірқатар өзгертулер мен толықтырулар енгізілген болатын.  Кәсіпкерлердің құқығын барынша қорғау мақсатында. Осыған сәйкес қадағалау органдарының қызметкерлері жеке кәсіпкерлікпен айналысатын тұлғаларға қатысты негізсіз тексерістердің алдын алу шараларына ден қойған. Нәтиже бар.

Арман Құсанов, облыстық прокуратура басқармасының аға прокуроры:
-ҚР мемлекеттік бақылау және қадағалау заңына сәйкес қадағалаушы орган жылына 2 рет жеке кәсіпкерлік субъектілерін тексеру жоспарының негізділігін анықтайды. 2012 жылдың 1-ші жартыжылдығына жоспарланған санитарлық-эпидемиологиялық қызмет тексерісінің 32 және ауылшаруашылығы министрлігі аумақтық органдарының 152 кәсіпкерлік субъектілерін тексеру жоспарына негізсіз қосқандығы белгілі болды.

Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық органында да мұндай 9 факті анықталған. Жүргізілген тексеріс нәтижесінде қадағалаушы орган қызметкерлері 11 ұсыныс жасапты. Қазіргі таңда олар қарастырылу үстінде. Сондай-ақ негізсіз тексеріс жоспарына қатысты ақпарат ҚР Бас прокуратурасына жолданған.

Арман Құсанов, облыстық прокуратура басқармасының аға прокуроры:
– Қазіргі таңда тексеріс жоспарына негізсіз енгізілген кәсіпкерлік субъектілері тізімнен алынды. Сондай-ақ қадағалаушы орган қызметкерлері мұндай олқылықтарға жол берген лауазымды тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс жасады.  

Сонымен қатар кәсіпкерлер өздерінің қызметіне қатысты тексерістің заңдылығын www. pravstat.kz сайтынан, не болмаса 46 13 64 сенім телефонына хабарласу арқылы біле алады.

Инеш Шоқақова