Қоғам

Әскери бөлімдегі ашық есік күні

 

 

  
Алдымен болашақ Отан қорғаушылар жауынгерлік өмір тақырыбындағы әңгімеге қанықты. Әскери бөлімге қарасты жедел мақсаттағы батальонның қатардағы жауынгері Жүнісбек Зұлпиев осымен үшінші ай әскери борышын өтеп жүр. Бүгінгі жиында ол замандастарына әскери өмірінің қалай өтіп жатқанын айта отырып, оларды отан алдындағы азаматтық борышын өтеуге шақырды.

Жүнісбек Зұлпиев, 6637 әскери бөлімінің жедел мақсаттағы батальонының қатардағы жауынгері:
– Бізде әскери өмір қызықты өтіп жатыр. Біз бірінші жедел мақсаттағы ротада қызметімізді атқарып жатырмыз. Болашақта өмірімді офицер ретінде Отанымның солдаты болсам деген үміттемін.

Сондай-ақ, кездесуге қатысушы студенттер әскери бөлімге саяхат жасады. Казармадағы жауынгерлердің күнделікті өмірін көрді. Әскери техника мен қару-жарақ түрлеріне қатысты мағлұматтар алды. Көптеген жайтқа қанық болған студенттедің арасында өмірін әскермен байланыстырғысы келетіндер де бар екен.

– Бүгін осындай саяхатқа қатысу арқылы әскерилердің өмірімен таныстым. Жауынгерлер үшін қандай жағдай жасалғандығынан хабардар болдым.
– Мен   СҚМУ-де әскери кафедрада оқып жүрмін. Биыл оны тәмәмдағалы отырмын. Болашақта өмірімді осы саламен байланыстырғым келеді.

Азаматтық борышын өтеушілер үшін мұнда барлық жағдайлар қарастырылған. Мәселен, әскери бөлімдегі әрбір жауынгерге қажетті керек-жарағын алу үшін ай сайын 3100 теңге төленеді. Сонымен қатар, жауынгерлердің бос уақыттарын тиімді өткізу қарастырылған.

Берік Тоқтаров, 6637 әскери бөлімі командирінің тәрбие ісі және әлеуметтік-құқықтық жұмыс бойынша орынбасары:
– Осындай кездесулерді өткізу өте маңызды деп ойлаймын. Болашағын әскери өмірмен байланыстырғысы келетіндерге бүгін барынша жан-жақты мағлұмат бердік.

Бүгінде 6637 әскери бөлімде 500-ге жуық жауынгер отан алдындағы міндетін өтеп жүр.

Әспет Әбдірешова