Қоғам

Үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен кездесу

 

 

 

Қазақстан тәуелсіздіктің үшінші онжылдығына қадам басты. Осы уақыт ішінде “Қазақстан-2030” стратегиялық бағдарламасы сәтті жүзеге асырылуда. Елбасының жыл сайынғы жолдауы осы ұлан-ғайыр бағдарламаны орындауға бағытталған.

Жапсарбай Қуанышев, Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі:
– Елбасының жыл сайынғы жолдаулары үлкен маңызға ие. Онда халықтың әл-ауқатын арттыру мақсаты көзделген. Елбасының жолдауы бұл алдын- ала жоспарланған істер. Жолдау жүктеген міндеттерді орындауға барлық халық бір кісідей атсалысуы тиіс.  

Кездесуде сапалы білім беру, жұмыспен қамту мәселелерімен қатар, маман тапшылығы, еліміздегі демографиялық жағдайды жақсарту жайы сөз болды.
М.Қозыбаев атындағы СҚМУ Заңтану кафедрасының доценті Гүлбақша Мұсабаева оқулықтар мен тест тапсырмаларын мектеп бағдарламасына сай мұғалімдердің өздері құрастырғаны жөн болар еді деген ұсыныс жасады.

 
 Сұрақ:

-Елбасы биылғы жолдауында өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеудің маңыздылығын атап өткен болатын. Бүгінде елімізде ондай оқуылықтар жоқ. Бұл бағытта қандай жұмыстар жоспарланған?
Жауап: 
-Оқулқты ғылыми түрде жазу қажет. Көбіне мектеп мұғалімдері  ғалымдармен, акдемиктермен бұл істе келіспей жатады. Сіздің сұрағыңызға байланысты айтарым, бұл мәселе осы салада жүрген арнайы мамандардың қарауында тұр.  

Кездесуде мемлекеттік тілдің беделі артып, қазақша білім беретін оқу орындарының көбейгені де сөз болды. Жапсарбай Қуанышев бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып жұмыс істесек бәріне қол жеткізуге болады дейді. Мұны жастар да қолдап отыр.

Рүстем Есенбергенов, “Жас ұлан” балалар және жасөсіпірімдер ұйымының СҚОФ төрағасы:
– Әрине, біз ел болашағы ретінде осы айтылған жоспарланған мәселелерді жүзеге асыруға өз үлесімізді қосамыз. Кездесуде қозғалған мәселелер тек жолдау бойынша ғана емес, біздің және өңіріміздегі жастар арасындағы өзекті проблемалар жайлы.  

Кездесуге жиыналғандар өздерін толғандырған мәселерін айтып, ұсыныстарын жеткізді.

Гүлбану Ахметова