ТКШ

Тұрғын үй құрылысы қарқын алады

 

 

Елбасы жолдауында қарастырылғанындай, елімізде жыл сайын 6 млн шаршы метр тұрғын үй қолданысқа берілетін болады. Осылайша, қазақстандықтардың тұрмыс жағдайы жақсарып, ел экономикасы дамымақ. Бұл бағытта өңірімізде де бірқатар жұмыстар қолға алынған. Мәселен, биыл облыста 97 800 шаршы метр тұрғын үй құрылысы жоспарланыпты.

Серік Махметов, СҚО құрылыс басқармасы бастығының бірінші орынбасары:
– «Халықты жұмыспен қамту» бағдарламасы бойынша биыл 13 ауданда 10 500 шаршы метр үй салынады.  «Береке» ауданында Петропавл қаласында 2 үй салынып жатыр. 95 пәтерлі үйлер. Біреуін «Основание», екіншісін «Альфа-Север» ЖШС салып жатыр.

Сондай-ақ облыс орталығында тағы 5 тұрғын үй бой көтереді деп жоспарлануда. Жас жанұялардың жеке баспананың кілтіне ие болуы ерекше назарда. Ол үшін арнайы жоба құрастырылуда. Маңызды бағдарлама наурыз айында қабылданбақ. Ал әзірге аталмыш жобаны тиімді ететін ұсыныстар қарастырылып жатыр.

Серік Махметов, СҚО құрылыс басқармасы бастығының бірінші орынбасары:
– Соған біздің басқарма қатысып, өз ұсыныстарымызды бердік. Жер учаскесін мердігерге берердің алдында одан міндеттемелер алу қажет. Өйткені ол учаскеге коммуникациялар салынады.  

Тұрғын үй құрылысы мемлекет тарапынан зор қолдауға ие болып отыр. Биыл өңірдегі тұрғын үй құрылысына “Жұмыспен қамту” бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен 1 млрд 247 млн 600 мың теңге бөлінген.

Инеш Шоқақова