Спорт

“Көңілді дельфин”

 

 

Жарысқа түскен 13-14 жасар спортшылардың арасында бақтарын сынауға бел буған қыздар да бар.   Сайысты осы нәзік жандар бастап кетті. Ақтөбелік Дана Түнілдінова алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Спортшының бассейндегі 5 жылдық жаттығулары нәтижесін берді. Ол қарсыластарына дес бермей, мәреге 1 минут 33 секундта жетті.

Дана Түнілдінова, жарысқа қатысушы, Ақтөбе қаласы:
– Мен Ақтөбеде өткен жарыстарда медальдар алғанмын. Менде 10 бірінші орын, 3 үшінші орын бар. Менің мақсатым жеңу емес, қатысу.

Ел біріншілігі облысымызда осымен 4 жыл қатарынан өткізілуде. Турнирге Республика өңірлерінің намысын қорғаған жүзгіштермен қатар, Ресей спортшылары да келді. Жас спортшылардың жүздерінен қобалжығандары байқалады. Бірақ олардың алдында тағы екі кезеңді бағындыру міндеті тұр. Спортшылар жас ерекшеліктеріне қарай 100 және 400 метрлік қашықтықты бағындырмақ.

Теміртас Әлжанов, су спорты түрлерінен “Дельфин” олимпиадалық резервтегі балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры:
-Жүзу спортынан 15 құрама және оған біз Ресейден Омбы қаласын қонаққа шықырдық.Олар 4 түрінен қатысып жатыр. Баттерфляй, кроль, брасс, арқамен жүзу. Үш күннен кейін балаларды марапаттаймыз.

Жеңімпаздар екі күннен кейін анықталады. Жарыстан үздік шыққандар сәуір айында Астана қаласында ел біріншілігінің 2 кезеңіне жолдама алмақ.

Гүлбану Ахметова