Балалар

Нұротандықтар студенттермен кездесті



 

Ел экономикасын нығайту, мемлекеттің тұрақтылығын сақтап, халықтың әл-ауқатын арттыру – Елбасының жыл сайынғы Жолдауы әрбір ел азаматы үшін маңызды осы жайттарды қамтиды. Биылғы Жолдаудың бағдары да осындай. Медицина колледжі студенттері және оқытушыларымен кездескен ақпараттық-үгіт тобының мүшелері стратегиялық құжатта айқындалған әрбір бағытқа тоқталып, алда тұрған мақсат-міндеттердің маңыздылығын сөз етті.
Елбасының биылғы Жолдауын студенттер үлкен ықыласпен тыңдаған. Олардың қызығушылығын ерекше оятқан жайттар –  қолжетімді баспана мен жұмыспен қамту бағдарламалары. Бұған қоса кейінгі буын өкілдері білім беру және денсаулық сақтау жүйелерін жаңғырту міндетін қызу қолдап отыр.
Кездесуде студенттер ақпараттық- үгіт тобының мүшелеріне қызықтырған сұрақтарын қою мүмкіндігіне ие болды.