Қоғам

Министрдің жұмыс сапары

 

 

 

Сапар мақсаты-  солтүстікқазақстандықтарды “Жұмыспен қамту -2020” бағдарламасымен кеңінен таныстыру. Облыс әкімі Серік Біләлов Гүлшара Әбдіқалықованы өңірімізде бұл ретте атқарылып жатқан шаруалармен таныстырды. Алдымен министр Есіл ауданына қарасты Петровка елді мекеніндегі кәсіптік лицейдің жұмысын көрді. Онда 5 мамандық бойынша 291 шәкірт кәсіп меңгеруде. Кейін Гүлшара Әбдіхалықова бағдарлама аясында қолдауға іліккен аудан тұрғындарымен кездесті. Мүнда былтыр 1-ші бағыт бойынша екі қолға бір күрек таба алмай жүрген 300 ауылдық тұрақты жұмыспен қамтылыпты. Оның 28-і әлеуметтік жұмыс орнына тұрған. 50 адам қайта оқытылды.  Министр Қызылжар ауданында бағдарлама аясында атқарылып жатқан істермен де таныс болды. Мұндағы “Жабай” серіктестігінде 2011 жылы 10 жас маман өндірістік тәжірибеден өтіп, қызметке орналасқан. Мал шаруашылығының іргесі кеңейтіліп, биыл тағы 15 адамды қызметке алу көзделген. Бескөл ауылындағы 280 орындық “Мирас” балабақшасындағы 80-н артық қызметкердің 40 пайызы әлеуметтік бағдарлама аясында жұмысқа тұрған.

 Жеңіс Ермұқанов