Мәдениет

Любовь Жукова – халықаралық байқау жеңімпазы

 

 

А.С.Пушкин шығармашылығына арналған халықаралық байқауға Петропавл көркемөнер лицейінен 10 жас суретшінің жұмысы жіберіліпті. 30 жеңімпаздың ішінде Любовь Жукованың еңбегі 1 дәрежелі дипломға ие болды. Жас дарын сайысқа «Поп және оның жұмысшысы Балда туралы» ертегінің желісі бойынша иллюстрация жіберген.

Любовь Жукова, өнер колледжінің 1 курс студенті:
-Мен иллюстрацияда меңіреу жұмысшының сайтанның баласымен сөйлесуін бейнеледім. Маған бұл композиция өте ұнады, бірақ жеңімпаз атанамын деп ойлаған жоқпын. 

Алғаш рет сайыс 2005 жылы өткізілген. Байқауға 4 пен 17 жас аралағындағы суретшілер қатыса алды. Былтырғы ҮІІ халықаралық сайысқа Ресей, Беларусь, Украина, Эстония, Латвия, Финляндиядан 60 қылқалам шебері қатысқан. Бұл Любаның алғашқы жеңісі емес. Көптеген сайыстарға қатысып жүрген қыз Мәскеуде өткен «Мир глазами детей» сияқты халықаралық көрмелердің де жүлдегері атанып үлгеріпті. Ол мистика, қиял-ғажайып, абстракциялық дүниелерді бейнелегенді ұнататынын айтады.

Любовь Жукова, өнер колледжінің 1 курс студенті:
– Сайтанның баласы – қиыл-ғажайып кейіпкер. Өзім қара түсті реңктерді жақсы көргендіктен, осы сюжетті бейнелеуді жөн көрдім.

Көркемсурет лицейінің тәрбиленушілері халықаралық сайыстарға жиі қатысады. Бірақ, бұл жолғы байқаудың талаптары сәл ерекшелеу болған. Өз жұмыстарын жіберген суретшілер, оған қоса аяқтарының өлшемдерін де хабарлауы тиіс екен.

Ольга Сушкова,  “ЮНЕСКО клубы”, бейнелелеу өнері лицейінің ұстазы:
– Оның сырын кейін білдік. Дипломмен бірге жеңімпазға «Парижская коммуна -Мәскеу» аяқ киім фабрикасынан сыйлық жасалды.  

Болашағын осы саламен байланыстыруды ниет еткен Любовь қазіргі таңда өнер колледжінде сурет пәнінің мұғалімі мамандығын меңгеруде.