Өнеркәсіп

Кәсіпорындар ұжымдарымен индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру жайында әңгіме өрбіді

 

Петропавл ауыр машина жасау зауыты облысымызда тұрақты әрі белсенді дамып келе жатқан кәсіпорындардың қатарында. Мұнда шығарылатын өнім отандық нарықта зор сұранысқа ие. Зауыттықтар теміржол нысандарымен қатар соңғы уақытта энергетика, мұнай кешендеріне қажетті қондырғылар жинауды қолға алыпты. Жылдам әзірленетін өнімнің санымен қатар сапасынада үлкен назар аударылады. ҚР Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Альберт Рау өндіріс ошағының цехтарын аралады. Қазір жұмысшылар екібастұздық энергетиктердің тапсырысын орындап жатыр.

Қуаныш Бішімов, “Петропавл ауыр машина жасау зауыты” АҚ бас директоры:
– Олардың мамандары үш ай бойы бізде болып, жұмысымыздың сапасын тексерді. Көңілдерінен шығып, 1 млрд. теңгенің келісіміне қол қойдық. Қазір тапсырысты бастап кеттік.

Альберт Рау зауыт ұжымымен кездесті. Вице-министр жиында жылдың бас құжатындағы басымдылықтарға жеке-жеке тоқталып өтті. Онда ел игілігі үшін қолға алынған мемлекеттік әлеуметтік бағдарламалар мен индустриалдық-инновациялық жобалардың жүзеге асырылу барысы талқыланды.

Альберт Рау, ҚР индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі:
-Бұл бағыттағы жұмыстар өзін ақтады. 20 жылда толағай табыстарға қол жеткіздік. Бүгінде 80 млрд. АҚШ долларына бағаланған алтын қорымыз бар. Жүйелі түрде көптеген ірі иновациялық жобалар іске қосылды. Бүгінде бұл тың істер өзінің өміршеңдігін дәлелдеді.  

Альберт Рау әсіресе өндіріс саласында аз уақыттың ішінде бұндай қомақты жетістіктерге жету кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған Елбасының салиқалы саясатының жемісі екендігін алға тартады. Отандық тауар өндірушілер мемлекет тарапынан жан- жақты қолдау табуда. Зауыт басшысы Қуаныш Бішімов өз кезегінде мемлекеттік тапсырысты орындау үшін өндіріс көлемін арттырып, ұлттық компаниялармен әріптестікті нығайтуды көздейтінін айтады.

 Қуаныш Бішімов, “Петропавл ауыр машина жасау зауыты” АҚ бас директоры:
-2012 жылға жақсы көрсеткіштермен ендік. Жетістігімізді еселеу үшін 3 млрд теңгенің келісіміне қол қойдық. Мақсатымыз тапсырыстарды 6 млрд теңгеге жеткізу.  

Альберт Рау “Мұнаймаш” зауытының қызметкерлерімен де жүздесті. Кәсіпорын мемлекеттің қолдауымен лизинг алып, жаңа инновациялық жобаға кірісіп кетіпті. Осының арқасында биыл өндіріс орнына 1,5 млрд теңгенің жапондық заманауи қондырғыларын алу көзделуде .

 Егор Перфилов, “Мұнаймаш” АҚ цех бастығының орынбасары:
-Жаңа жоба өндіріс циклін 80 пайызға қысқартуға, тауар құнын азайтуға, қазақстандық үлесті арттыруға мүмкіндік береді. Жаңа құрылғылардың арқасында өндіріс көлемі өсіп, қосымша жұмыс орындары ашылатын болады.  

Зауыт былтыр 2,8 млрд. теңгенің тапсырысын орындаған. Биыл әзірге 1 млрд. 120 млн теңгенің келісіміне қол қойылыпты.

Жеңіс Ермұқанов

Қуаныш Бішімов, “Петропавл ауыр машина жасау зауыты” АҚ бас директоры:
– Олардың мамандары үш ай бойы бізде болып, жұмысымыздың сапасын тексерді. Көңілдерінен шығып, 1 млрд. теңгенің келісіміне қол қойдық. Қазір тапсырысты бастап кеттік.

Альберт Рау зауыт ұжымымен кездесті. Вице-министр жиында жылдың бас құжатындағы басымдылықтарға жеке-жеке тоқталып өтті.