Денсаулық сақтау

Денсаулық сақтау саласында қатерлі ісікке қарсы күрес – басымдыққа ие бағыт



 

Денсаулық сақтау саласында тың технологияларды пайдалану шеңберін кеңейту, онкологиялық дерттерді емдеуден бұрын алдын алу жолдарын қарастыру. Бұл бағытта елімізде қолға алынған жобалармен денсаулық сақтау саласының қызметкерлерін Ерік Байжүнісов таныстырды. Денсаулық сақтау вице-министрімен байланысқа барлық аудандар шықты.

Ерік Байжүнісов, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі:
-Биылғы жылы біз қатерлі ісіктің алдын алу, өлім көрсеткішін азайтуға үлкен көңіл бөліп отырмыз. Өйткені қазіргі таңда жүрек ауруларынан соң, қатерлі ісіктер екінші орында. Жыл сайын 30 мыңнан астам адам қатерлі ісікке шалдығады.  

Сондықтан Елбасы тапсырмасымен Астанада заманауи талаптарға сай қатерлі ісікке қарсы орталық ашылмақ. Жиында оның негізгі міндеттері де сөз болды. Сондай-ақ аталмыш ведомство кадр қызметін дамыту, денсаулық сақтау мекемелерін керек-жарақпен толықтай жабдықтауды да қарқынды жалғастырмақ. Денсаулық сақтау саласының дамуына өңіріміздің ақ халаттылары да өз үлестерін қосуда.

Ерік Байжүнісов, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі:
– Былтыр СҚО 4-5 жоба құрастырып, бүкіл республикаға таралуда. Ол мамандарды дайындау жағынан. Компьютерлендіруге байланысты.  

Басты байлық – денсаулық. Сондықтан дәрігерлер мен тиісті мекемелердің қызмет сапасы талапқа сай болуы қажет дейді жиынға қатысушылар.

Инеш Шоқақова