Құқық қорғау органдары

Атасы мен немересі есірткі саудасын кәсіп еткен



 

Жұмысшы кентінің тұрғындары жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында қолға түсті. Олар есірткі сатып, күн көріпті.

Жұмажан Мұқатанов, СҚО ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының бастығы:
-Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері өткізген арнайы жедел шаралар барысында есірткіні аса ірі көлемде сатумен және сақтаумен айналысып жүрген петропавлдықтар ұсталды.  


Атасы мен немересі осындай жолмен ақша таппақ болған. 72 жастағы зейнеткер бұрын есірткі қылмыстары үшін жауапқа тартылмапты, өзінің де әуестігі жоқ. Ал оның еш жерде жұмыс істемейтін немересі наркология орталығы мен есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасында тіркеуде тұрған. Героинді қолданып жүргеніне бір жыл болса керек. Қазіргі кезде олар Петропавл қалалық ІІБ-ның уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, үстерінен қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.

Инеш Шоқақова