Аптадағы маңызды жаңалықтар

Мамлют ауданы әкімінің есебі

Былтырғы орақ науқанында Мамлют ауданының диқандары 15,2 млрд теңгеге бағаланған астық жинаған. Бітік шыққан егіннің құны 2010 жылмен салыстырғанда 76,8 пайызға артық. Жоғары сапалы астық алуға ауылшаруашылығы еңбеккерлеріне мемлекет тарапынан бөлінген субсидияның көмегі мол болды дейді есепті баяндамасында Мамлют ауданының әкімі Қанат Қалиев. Агроқұрылымдарға 112 млн теңгеден артық қолдау жасалыпты.

Қанат Қалиев, Мамлют ауданының әкімі:
– 452 млн теңгеге 103 бірлік жоғары өнімді заманауи техника алынды. Шаруашылықтар сепкенін ысырап қылмай, 329 мың тоннадан артық астықты қамбаларына құйды. Орташа гектар берекелігі 21,9 центнерден айналды.

Жұмыссыз аудан тұрғындарының дені жаңа кәсіп меңгеріп, тұрақты еңбекпен қамтылған. Былтыр ғана аудан бойынша 518 жаңа жұмыс орны ашылыпты. Жалпы өткен жылғы қорытынды жиналыста тұрғындар көтерген барлық мәселелер шешімін тапқан. Биыл да ауылдықтар кезекті диалогқа қордаланып қалған мәселелерінің жауабын іздеп келді.

Светлана Малышкина:
– Менің ата-анам жеңілдік бойынша дәрі-дәрмек алатындардың қатарында. Бірақ керек препараттар уақытымен келмей, сатып алуға мәжбүрміз. Енді бір мәселе – аудандық ауруханаға бара қалсаң, бітпейтін ұзын-сонар кезек. Қымбат уақытымызды үнемдеу үшін неге талондық жүйе енгізбеске.

Марина Короткова, Мамлют аудандық ауруханасының бас дәрігері:
– Тегін дәрілер үздіксіз келіп тұрады. Сіздерге неліктен жетпейтінін анықтаймыз. Бізде бәрі санаулы. Шынымен дәрігерлер үлгермей жатады. Арнайы телефон орнатып, кесте құратын боламыз.  

Бүгінде ауданның емдеу мекемелерінде 7 дәрігер жетіспейді екен. Таза ауыз су мәселесі де өзекті болып тұр.

Игорь Киселев, СҚО құрылыс басқармасының бастығы:
– “Ақ бұлақ” бағдарламасының бірінші кезегінде ауданға қарасты 14 ауыл мен Мамлютка қаласының әр ауласына су тартылады. 149 шақырымдық құбыр жаңартылмақ. Биыл сметалық құжат әзірленеді. 2013 жылы оны жүзеге асыруға 1 млрд теңгеден артық қаржы бөлінеді. Бағдарлама аясында жалпы Мамлют ауданының 30 елді мекені таза ауыз сумен қамтылатын болады.  

Тұрғындарды сондай-ақ жол сапасының төмендігі алаңдатады.

Владимир Андреев:
Мамлютка мен Петропавл арасындағы тас жол жөнделе ме? Облыс орталығына қатынау қиын болып тұр.

Жиынға қатысқан өңір басшысы жол машақаты алдағы жылы шешілетінін жеткізді.

Серік Біләлов, СҚО әкімі:
– Қазір бізге Астанадан жаңа трасса төселіп жатыр. Жоспар бойынша 2013-2014 жылдары бұл жолды күрделі жөндеу көзделуде.  

Бүгінде Мамлют қаласының орталық көшесі тас қараңғыда. Бірде-бір шам орнатылмапты. Жол жиектерін тазалайтын және жөндеу жұмыстарына аса қажетті арнайы көліктер мүлдем жоқ көрінеді. Өңір жетекшісі жуық арада бұл мәселені шешуге септесетінін айтып қуантты.

 Серік Біләлов, СҚО әкімі:
– Мамлют қаласының орталық көшесін жарықтандыруға 5 млн теңге, тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығына 2 арнайы техника бөлінеді.  

Жиынды қорытындылаған Серік Біләлов жергілікті билік басындағыларға бірқатар тапсырмалар берді.  

Серік Біләлов,  СҚО әкімі:
– Ауданда ірі қараның басы 21 пайызға азайып отыр. Мемлекет мал шаруашылығын дамытуға үлкен көңіл бөледі. Көптеген жеңілдетілген несиелік бағдарламалар бар.
Бұл мүмкіндікті пайдаланып қалу керек. Дәрігер тапшылығын тездетіп шешу қажет. Спорт нысандары күрделі жөндеуді талап етеді. Елді мекендердің тек 38 пайызы ғана кітапханамен қамтылған. Қылмыс 20 пайызға арттып отыр. Бұл кемшіліктерді жою керек.  

Кейін өңір басшысы Мамлют ауданында салынып жатқан мал кешенінің құрылыс басында болды. “Белое-Агро” серіктестігінің фермасы 400 бас асыл тұқымды ірі қараға лайықталып тұрғызылуда. Шаруашылық жетекшісі Талғат Әлжанов биыл Канададан етті бағыттағы ангус, герафорд тұқымдас зеңгі баба төлдерін жеткізуді жоспарлап отыр. Жоғары өнімді тайыншаларды бағып-күтетін 3 мың га жайылымы мен жжем-азық егетін 700 га алқап бар. Қыстап шығатын қоралардың құрылысы аяқталуға жақын.

Қанат Қалиев, Мамлют ауданының әкімі:
– 452 млн теңгеге 103 бірлік жоғары өнімді заманауи техника алынды. Шаруашылықтар сепкенін ысырап қылмай, 329 мың тоннадан артық астықты қамбаларына құйды. Орташа гектар берекелігі 21,9 центнерден айналды.

Жұмыссыз аудан тұрғындарының дені жаңа кәсіп меңгеріп, тұрақты еңбекпен қамтылған. Былтыр ғана аудан бойынша 518 жаңа жұмыс орны ашылыпты. Жалпы өткен жылғы қорытынды жиналыста тұрғындар көтерген барлық мәселелер шешімін тапқан. Биыл да ауылдықтар кезекті диалогқа қордаланып қалған мәселелерінің жауабын іздеп келді.

Светлана Малышкина:
– Менің ата-анам жеңілдік бойынша дәрі-дәрмек алатындардың қатарында. Бірақ керек препараттар уақытымен келмей, сатып алуға мәжбүрміз. Енді бір мәселе – аудандық ауруханаға бара қалсаң, бітпейтін ұзын-сонар кезек. Қымбат уақытымызды үнемдеу үшін неге талондық жүйе енгізбеске.

Марина Короткова, Мамлют аудандық ауруханасының бас дәрігері:
– Тегін дәрілер үздіксіз келіп тұрады. Сіздерге неліктен жетпейтінін анықтаймыз. Бізде бәрі санаулы. Шынымен дәрігерлер үлгермей жатады. Арнайы телефон орнатып, кесте құратын боламыз.  

Бүгінде ауданның емдеу мекемелерінде 7 дәрігер жетіспейді екен. Таза ауыз су мәселесі де өзекті болып тұр.

Игорь Киселев, СҚО құрылыс басқармасының бастығы:
– “Ақ бұлақ” бағдарламасының бірінші кезегінде ауданға қарасты 14 ауыл мен Мамлютка қаласының әр ауласына су тартылады. 149 шақырымдық құбыр жаңартылмақ. Биыл сметалық құжат әзірленеді. 2013 жылы оны жүзеге асыруға 1 млрд теңгеден артық қаржы бөлінеді. Бағдарлама аясында жалпы Мамлют ауданының 30 елді мекені таза ауыз сумен қамтылатын болады.  

Талғат Әлжанов, “Белое-Агро”  ЖШС директоры:

-Мал шаруашылығын дамыту бағдарламасы бойынша  «ҚазАгроФинанс» АҚ арқылы 300 млн теңге несие алуды жоспарлап отырмын. Жазда үшінші қораны саламыз. Сонда төлдейтін орнымыз да болады. Асыл тұқымды мал шаруашылығының құрылуымен ауылдықтарға 8 жаңа жұмыс орны ашылады.  

Өңір жетекшісі сондай-ақ Щучье ауылының бастауыш мектебінің жұмысымен танысты. Мұндағы   10 оқушыға мекеменің бір бөлігі жеткілікті екен. Сондықтан ғимараттың бір қанаты қаңырап бос тұр. «Белое Агро» серіктестігінің басшысы Талғат Әлжанов Серік Біләловке онда наубайхана салуға ниетті екенін жеткізді. Өңір жетекшісі 50 жанұя түтінін түтеткен ауылдағы жалғыз дүкеннің, мәдениет үйінің жай-күйімен де танысты.

Жеңіс Ермұқанов