Балықшылар жарысы

Қоғам

14:48 27 Ақпан 2012



Жарыс басталмай тұрып, балықшыларға бірдей көлемдегі масақұрт пен қармақ берілді. Осы сәттен бастап олар өз орындарын белгілеп, шұңқыр бұрғылай бастады. Алғашқы минуттардан-ақ, «Ишим» өндірістік участкесінің балықшылары олжаға кенелді. Балық аулауда тәжірибеміз мол, сондықтан оны қармаққа түсірудің еш қиындығы жоқ дейді «Ишим» өндірістік участкесінің қызметкері Константин Бейкель.

Константин Бейкель, «Ишим» өндірістік участкесі қызметкері:
– Шұңқыр қазып, қармағыңды салып, тосып отыр, бұдан басқа ештеңе де керек емес.

Балықшылардың сайысына ауа райы да септескендей.  Қармаққа алабұға, табан балықтары түсіп жатыр. Евгений Волковтың қармағына бірден екеуі ілініпті.

Евгений Волков, «Есіл су» филиалы жөндеу шеберханасының бастығы:
– Оларға қазір қорек табу қиын. Сондықтан балық қармаққа тез ілінеді.

Шыдамдылық ты қажет ететін бұл жарыста әуесқой балықшылар ептіліктерін дәлелдей білді. Алмагүл Бегалинова аталмыш сайысқа 3 жыл қатарынан қатысып отыр. Ол осы жолы да мол олжаға кенелемін деген үмітте.

Алмагүл Бегалинова,  «Соколов» өндірістік участкесінің зертхана меңгерушісі:
-Бүгінгі ауа райы балық аулауға жағымды болып тұр.
Мына балықты қамырға ауладық.

Сайыс арасында балықшылар жылынып алу үшін самауырға шай қойылып, сергектік минуты   ұйымдастырылды. Жарыс соңында қармаққа түсіп қалған балықтың салмағы мен өлшеміне байланысты қазылар алқасы жүлделі орынды белгіледі. Булаев өндірістік участкесінің командасы 3 кг балық аулап, бірінші орынды иеленді. Осы команданың мүшесі Николай Баутиннің қармағына  25,5 см алабұға ілігіпті. Салауатты өмір салтын ұстанған басқа балықшылар да назардан тыс қалмады. Оларға диплом және естелік сыйлықтар тарту етілді.

Бұдан әрі оқыңыз

Анасы мен қызын өлтірген Игорь Дементьев 21 жылға сотталды
Швеция Корольдігінің Қазақстандағы Елшісі Петропавлға келді
Әскери-техникалық мектептің түлектері ант қабылдады
Қала маңындағы қоқыс полигондарына қатысты мәселе шешілмек
Халықаралық аспаздар күні аталып өтілді
Петропавлда “Покровский перезвон” фестивалі өтті
“Үздік техникалық жобалар” байқауының облыстық кезеңі өтті
Петропавл тұрғыны жұмбақ жағдайларда қаза тапты
Герольд Бельгердің туғанына – 85 жыл
Шаһарда ханшайымдар байқауы өтті
“Менің туым – менің Отаным” акциясы бастау алды
Өсімдіктерден жасалған шампунь мен сабын