Әскери қызметшілер марапатталды

Қоғам

16:19 27 Ақпан 2012

3-ші атқыштар ротасының қызметкері Мұхит Молдахметұлы әріптестерінің арасында өзінің жұмысқа деген жоғары талабымен көзге түскен. 6637 әскери бөліміне ол келісім-шарт бойынша 2006 жылы келді. Атқыштар ротасында бөлімше командирі қызметін атқарып, жауаптылығымен көзге түскен Мұхиттың еңбегі лайықты бағаға ие болды.

Мұхит Молдахметұлы,  6637 әскери бөлімнің 3-ші атқыштар ротасының  қызметшісі:
– Бүгін осындай дәрежеге жеткеніме өзім қуаныштымын.Мені осындай қошеметке бөлеген басшыларымызға көптен-көп алғыс айтқым келеді. Алдағы тұрған мақсаттарға , жақсы жетістіктерге жетуге тілектеспін.

Мұхит Молдахметұлының қуанышымен бөлісуге оның отбасы да келіпті. Ұлы Ахат болашақта әке жолын қусам дейді. Биыл мектепті тәмамдағалы отырған түлек әскери мамандықты таңдап қойыпты.

Ахат Мұхитұлы:
Әрбір адамның әскери қызметті өтеуі Отан алдындағы және өзінің алдындағы борышы деп санаймын. Алла бұйырса, әскери қызметті өтеуге мүмкіндік болып жатса, одан әрі жалғастырамын.

Өмірін қатал әскери тәртіппен байланыстырған жедел мақсаттағы 2-рота командирі Қаппас Шаяхметов те зор алғысқа бөленді. Аға лейтенантқа бұл қызмет осыдан екі жыл бұрын сеніп тапсырылған болатын. Оған қарасты рота бөлімдегі әскери сындарда алғашқы орындардан көрініп жүр.

Қаппас Шаяхметов, 6637 әскери бөлімнің жедел мақсаттағы 2 рота командирі:
– 2004 жылдан бері әскери қызмет атқарудамын.
Бүгін еңбегіміз жоғары бағаланып отыр. Әрине біз марапатқа ие болу үшін емес, еліміздің игілігі үшін жұмыс жасаймыз. Дегенмен еңбегімнің еленіп, бағаланғанына қуаныштымын.

Еңбектері бағаланған әскерилер өздеріне жүктелген жауапкершіліктің артып отырғанын айтады.

Әспет Әбдірешова