Спорт

Петропавлда тай боксынан республикалық чемпионат басталды

 

 

 

Тай боксқа осы жолы 120 қазақстандық қатысуда. Рауан Доспаев бокстан еліміздің 2 дүркін чемпионы, Азия, Европа елдерінің жеңімпазы. 60 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Рауан алғашқы кезеңде астаналық Жандос Садыбековпен қолғап түйістірді.
 
Рауан Досбаев, жарысқа қатысушы, Алматы қаласы:
-Муайтаймен айналысып жүргеніме 7 жыл болды. Әскери клубтан қалмаймын. Болашақта жеңістерімді еселей берсем деймін.  

Солтүстікқазақстандық былғары қолғап шебері Александр Сапрыкин шаршы алға атыраулық боксшы Ишан Ғалиевпен шықты. Жерлесіміз бұған дейін облысымыздың намысын халықаралық дәрежеде қорғап жүрген. Бірақ  Александр бірінші жекпе-жекте ептілігін дәлелдей алмады.
 
Ишан Ғалиев, жарысқа қатысушы, Атырау қаласы:
– Бүгінгі жекпе-жек оңай болмады. Бірінші болғандықтан ол қиындау болады. Қарсыласым петропавлдық оңай болмады. Осы спортпен айналысып жургеніме 3-4 жыл болды. Бұған дейін Ташкент қаласында өткен әлем чемпионатында 3-ші орын алдым.  

Тай бокс – елімізде енді ғана дамып келе жатқан спорт түрі. Уақыт өткен сайын жастардың спорттың бұл түріне деген қызығушылығы артуда. Оған бүгінгі республикалық чемпионат дәлел.

Еслямбек Бекмурзин, облыстық балалар мен жасөсіпірімдер ұлттық спорт мектебінің директоры:

– Жаңа үш-төрт жекпе-жектен көріп отырмыз, мықты спортшылар жиналғанын. Риза болдық. Біз ұлттық спорт мектебінен 3 жылдай болды қазақ жекпе-жегін дамытып, соны жоғарғы деңгейде көтереміз бе деген ниеттеміз. Бүгін біздің балалар да қатысып жатыр тай боксқа. Бұл шығыс спортынан жеңгендер де бар.

Жалпы байрақты дода өңіріміздің намысын 23 былғары қолғап шебері қорғауда.

  Иван Ван-Хан-Тун, жарыстың бас төрешісі:
– Бүгін біздің облысымызда республикалық чемпионат өтуде. Оның мақсаты – мықты деген былғары қолғап шеберлерін іріктеп, алдағы өтетін халықаралық чимпионтқа дайындау. Бірақ мен жаттықтырған былғары қолғап шеберлері жеңіске жетеді деп ойлаймын.  

Жарыста көзге түскен былғары қолғап шеберлері Европа чемпионатына жолдама алады. Ол ақпан айында Түркия елінде өтпек.

Гүлбану Ахметова