Қоғам

Көне Құран мұражай қорын толықтырды

 

 

 

Арнайы мамандар жасаған қорытынды бойынша кітаптың шығарылған мерзімі Абылай ханның өмір сүрген кезеңдерімен сәйкес келеді. Кітаптың мұқабасы қымбат былғарыдан жасалған. Кітаптың шетіндегі белгілер ерекше көз тартады. Араб тілінде жазылған қасиетті кітапты Горбуновка аулының тұрғындары сақтап, осы күнге дейін жеткізген. Олар дін қызметінде болған адамдардың немерелері екен. Құран кітабының арасынан қызықты ақпараттар табылды. Онда кітапты иесінің 1900 жылы Санкт-Петербург қаласына алып барғаны туралы деректер бар. Бірақ оның себептері жұмбақ күйінде қалып отыр. Көне Құранның соңғы иесі отставкадағы майор, бүгінде молла Қуаныш Беркімбаев құнды жәдігерді мұражайға тапсыруды шешкен. Ол кітап үйде жатқанша, халықтың игілігіне айналғаны дұрыс дейді.

Қуаныш Беркімбаев, мола:
Күйеу балам бұл кітапты маған берген. Себебі араб жазуын танымайды. Менде Құранның Қазан баспасынан, түрік, қазақ, орыс тілдерінде он шақты данасы бар. Ал мына кітапты Абылай хан мұражайына беруді дұрыс деп шештім.

Ақсақалдар алқасы Құран Қазан қаласында басылған деген болжамдарын жасауда. Дегенмен оның шындығына арнайы зерттеулер арқылы ғана көз жеткізуге болады дейді мұражайдағылар.