Қылмыс

Ірі көлемдегі алаяқтық

Евгений есімді 34 жасар петропавлдық іскер адамдардың сеніміне кіріп, бірлесіп көлік тасымалдау бизнісін жасауды ұсынып отырған. Бұл шаруа мол табыс әкеледі деп кәсіпкерлердің үміттерін ұштап, істі бастайтын қаражат сұрайды. Келісілген уақыт өтсе де,   уәделескен темір тұлпар да, сеніп тапсырған ақша да да жоқ. Сөйтіп, кәсіпкерлер алаяқтың алдауына түскендерін кеш түсініп, сандарын соғып қалады. Амалсыздан полицейлерге арызданады. Тәртіп сақшылары көп кешікпей алаяқты қолға түсіреді.

Ермек Тәтібаев, СҚО ІІД ҰҚҚКБ бастығы:
– Бүгінгі күні алаяқтық фактісі бойынша 7 қылмыстық іс қозғалды, күдіктінің келтірген шығыны 20 миллион теңгеден асады. Қазіргі уақытта тергеу басқармасы қылмыстық іс жүргізуде.

Ірі көлемде алаяқтық жасады деп айыпталып отырған  жігіт кінәсін мойындамай отыр.  Қазір тәртіп сақшылары бұрын басы істі болған алаяқтың өзге де қылмыстарға қатыстылығын тексеруде. Оның арбауына түскендер болса дереу полицияға хабарласқандары жөн.

Жеңіс Ермұқанов