Мәдениет

Оқушылар жерлесіміздің жаңа кітабымен танысты

 

 

Журналист, қоғам қайраткері Виктор Вихляевтің «Космонавты живут на земле» деп аталатын кітабы  аты айтып тұрғандай,ғарыш саласына арналған.
Туындыны таныстыру рәсіміне автордың жақын достары, №2 орта мектептің 7-9 сынып оқушылары мен ұстаздары жиналды. Алдымен, қауым назарына «Земля в иллюминаторе» видеоролигі көрсетілді.

Виктор Вихляев, «Космонавты живут на земле»кітабының авторы:
– Аспан әлемі менің өмір бойы зерттеп жүрген тақырыбым. Кітабымда жалпы ғарыш қана емес, еліміздің ғарышкерлері жайында да кеңінен қамтылған.

Оның журналистік жұмысының ең жарқын беттері ғарыш тақырыбына арналды. Виктор Вихляев телестудияда басшылықта жүріп, ұшқыш-ғарышкер Александр Викторенко басқарған ғарыш кемесімен тікелей телекөпір ұйымдастырған. Кітаптың алғашқы тиражы желтоқсан айының соңында шыққан. Туынды таралымы – 800 дана. Жиын барысында жаңа кітап жайлы түрлі пікірлер айтылды.

 Василий Коноплев, публицист:
-Бүгінгі жиналған жастар солтүстікқазастандық Виктор Вихляевтің ғарышкерлермен таныс болғаны жайлы өз балаларына айтып мақтан тұтатын болады.

Өскелең ұрпақтың дүниетанымын қалыптастыруда, рухани жан-дүниесін толықтыруда бұл кітаптың берері мол.

– Ғарыштағы өмір өте қызық  деп ойлаймын. Ғарышкерлердің аспан әлемін зерттеуі өте қиын екендігін мен бүгінгі кездесуден білдім.
-Бүгінгі кездесуден мен қазақстандық бірінші ғарышкерлер, олардың ғарыш кемесіндегі өмірі жайлы ақпарат алдым. Кітап авторымен тікелей кездесу мен үшін үлкен бақыт. Болашақта Виктор Вихляев сияқты жазушы болғым келеді.

Автор кітапханаға 15 кітабын сыйға тартты. Ол еңбегінің оқырман жүрегінен орын табатынына сенімді.