Білім

Білім саласын жетілдіру мәселелері талқыланды

 



Мемлекет басшысының жолдауы – бұл болашақтың бағыты. Сондықтан маңызды құжаттың әрбір тармағының байыбын жете түсінген жөн. Жолдауда айқындалған әр бағытты конференцияға жиналған оқытушылар мен студенттер кеңінен талқылады. Олар, әсіресе, білімді ұрпақ тәрбиелеудегі мақсат-міндеттерді қуаттап отыр. Білім сапасын жоғарылатып, оқыту үдерісіне заманауи технологияларды енгізу – уақыт талабы. Мұнымен қатар педагогтардың біліктілігін арттырып, мамандардың кәсіби деңгейін дәлелдейтін орталықтар құру жұмысы қолға алынбақ. Тағы бір маңызды мәселе – білім берумен бірге тәрбие ісіне үлкен көңіл бөлу қажет. Ғылымды дамыту да айырықша назарда.
Жас мамандарды қолдау қашан болса да Елбасы жолдауының күн тәртібінен түскен емес. Жас мамандардың жұмыстан қол үзбей, арнайы білім алу мүмкіндігі қаралып, жатақханалар желісін дамыту қолға алынатын болады. Осылайша елімізде кейінгі толқын өкілдеріне сапалы білім алып, жемісті еңбек етулеріне жағдай жасалып жатыр. Енді тек алға айқын мақсат қойып, оған жету үшін бар күшімізді салуымыз қажет дейді студенттер. Атап өтерлігі, Жолдаудағы “Қолжетімді баспана” бағдарламасы жастардың ерекше қызығушылығын тудырған. Бұл өз кезегінде Жолдаудың қоғамдағы өзекті мәселелерді ескере отырып жасалғанын айғақтай түседі дейді олар.

Айымгүл Әбілева