Абай оқулары

Білім

16:34 23 Ақпан 2012

Бұл Мария Уварованың Абай оқуларында осымен 2-ші рет бағын сынауы. Биыл ол байқауға үлкен дайындықпен келіпті. Сондықтан Мария өзінің көркем мәтінді оқу шеберлігі қазылар алқасының көңілінен шығып, Абай шығармаларын көрерменнің жүрегіне жеткізетіндігіне сенімді.

Мария Уварова, «Денсаулық» жекеменшік коммерциялық емес мекемесінің фармацеві:
Мен Абайдың «Желсіз түнде жарық ай», «Ғылым таппай мақтанба», «Күз» атты өлеңдерін дайындап келдім. Әсіресе, «Желсіз түнде жарық ай» шығармасы ұнайды. Ол өте нәзік әрі жеңіл.

Дәстүрлі байқаудың шарттары өзгермеген. Оған 18 және 30 жас аралығындағы өзге ұлт өкілдері қатыса алады.

Жазира Көкбас, қазылар алқасының мүшесі:
Байқаудың талаптары біріншіден, қазақ тілінде сөйлейтін басқа ұлт өкілдерін табу, екіншіден, қатысушылардың орфоэпиялық нормада сөйлеуі және актерлік шеберліктерін байқау.  

Қыздар Абай шығармаларын жатқа айтып қана қоймай, өздерінің әншілік қабілеттерін де көрсете білді. Қатысушылардың сан қилы тақырыптарға қалам тербеген қазақтың ұлы ақынының әндерін орындауға барынша әзірленгендері көрініп-ақ тұрды.
3 кезең қорытындысы бойынша бірінші орын Петропавл құрылыс- экономикалық колледжінің студенті Ольга Оленскаяға бұйырды. Енді жеңімпаз облыстық байқауда бағын сынамақ.

Инеш Шоқақова

Бұдан әрі оқыңыз

Оқытушылар мен студенттердің бәсекесі
Химия-биология пәні мұғалімдерінің І халықаралық форумы өтті
Университет қабырғасында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
Инклюзияны қолдау кабинетінің жұмысы
Химия-биология бағытындағы НЗМ аккредитациядан өтті
Техникалық маман иелерінің үздігі анықталды
“Отбасы құндылықтары” атты семинар-тренинг өтті
Университет студенттерінің жаппай төбелесуіне не себеп?
Ғылыми жобалар байқауының облыстық кезеңі өтті