«Үй дәрігері» тағы да Петропавлда

Денсаулық сақтау

15:00 22 Ақпан 2012

Физиотерапевтік құрылғылар тірек- қимыл, жүрек – қантамыр жүйесі, асқазан-ішек аурулары, түрлі жарақат пен күйік, өзге де көптеген дерттерді үй жағдайында емдеп, алдын алу үшін қолданылады. Әсіресе «Алмаг» және «Мавит» құрылғылары халықтың сұранысына ие .

Тамара Хегай, Елатом құрылғылар зауытының менеджері:
-“Алмаг” құрылғысы остеохондроз, остеоартроз, артрит, гипертония, тромбоз, тромбофлебит, тамырдың кеңеюі, жарақат, тағы да көптеген ауруларды емдеу үшін қолданылады. Ал “Мавит” құрылғысы ер адамдарға простатит, 1,2 дәрежелі қуық түбі безінің ұлғаюы дерттерінен сауығу үшін ем болады.

Медициналық құрал-жабдықтардың бір тобы – жылу терапиясында пайдаланылады. Бұл – “Фея” және “Теплон” құрылғылары.

Тамара Хегай, Елатом құрылғылар зауытының менеджері:
-“Фея” құлақ, мұрын ауруларын емдеу үшін қолданылады.
Гайморит, ринит, синусидті емдеуге сондай-ақ тамақ ауырғанда да шипа. Және тұмаудың алдын алуға да көмектеседі. “Теплон” да жылу терапиясында қолданылады. Бел, буын, демалу жүйелерінің дерттерін емдейді.

Ал “Магафон” магнит терапияcында пайдаланылады. Бұл құрылғы да көптеген дертке шипа дейді мамандар. Елатом құрылғылар зауытының физиотерапевтік құрал-жабдықтарының көрмесі ақпанның жиырма алтысына дейін жалғасады. «Үй дәрігері» сериясындағы медициналық құрылғыларды Конституция көшесіндегі «Сердечная» дәріханасынан табуға болады.

Айымгүл Әбілева

Бұдан әрі оқыңыз

Қазақстан коронавирус таралған елдердің тізімінде жоқ
Ресеймен шекаралас 4 ауданда санитарлық-бақылау бекеттері жұмыс істейді
Жұмыла көтерген жүк жеңіл
Қауіпті дерттің алдын алу жолында
Қауіпті дерттің алдын алу