Аптадағы маңызды жаңалықтар

Есіл ауданы әкімінің есепті кездесуі

 

 

Агроөнеркәсіп саласында 2011 жылы елеулі оқиғалар орын алды дейді Асқар Бегманов. Есіл ауданындағы шаруашылықтар өткен жылы үш миллиард теңгеге 300- ден астам заманауи ауыл шаруашылығы техникасын сатып алған. Мал шаруашылығының даму деңгейі 7 пайызға артты. Ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу жағы да дамып келеді. Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасына сәйкес тау-кен өндірісі де тың арнаға түскен. Мұнымен қоса былтыр «Егін» ЖШС итальяндық технологиялар бойынша макарон жасау цехын іске қосты. Жалпы жергілікті басшының жұмысына қарапайым халық оң бағасын беріп отыр. Аудан басшысының есебіне жиналған халық Өрнек орта мектебі ғимаратының суық екенін айтты. Оның үстіне нысанға су тарту керек. Елді мекеннің ішіндегі жолдар әбден тозған. Александровка мен Мальцево селоларындағы көпір де күрделі жөндеуді қажет етеді. Жиынға қатысқан облыс әкімі көтерілген мәселелердің шешілетінін айтты.

Серік Біләлов, СҚО әкімі:
Ауылда жұмыссыздық мәселесі де шешімін табуда. «Казросресурс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Өрнек ауылында қиыршық тас өңдейтін зауыт ашқан.

 Александр Кондратов,  «Казросресурс» ЖШС бас директоры:

-Осыдан бір жыл бұрын зауыт болмаған. Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының арқасында кешен бой көтерді. Қазіргі таңда мұнда 40 -тан астам адам еңбек етіп жатыр. Оның 30- ға жуығы жергілікті тұрғындар. Жалақылары 40 -60 мың теңге шамасында.  

Жиын соңында Серік Біләлов ауыл  мектептеріне  тарту-таралғысын жасады. Бұдан соң облыс әкімі қиыршық тас өңдейтін зауыттың жай-күйімен танысты. Серіктестік басшылығы болашақта өндіріс көлемін арттыруды көздеп отыр. Бүгінде кешенде 22 миллион тонннадан астам құмды қиыршықтас қоспасының қоры бар.