Әр түрлі

Әскери байланысшылар жиыны

Қазіргі таңда жер серік станциялары республикамыздың барлық әскери бөлімдерінде орнатылған. Енді олар кез-келген жерден басқа әскери бөлімдерге аудио, видео материалдарын еш қиындықсыз жібере алады.

Бауыржан Тоқтаров, ҚР ІІМ Ішкі әскері комитетінің байланыс басқармасының офицері:
– «Казсат- 2»  отандық спутнигін жібергеннен кейін, ішкі әскерлер бірінші болып Республикалық ғарыштық байланыс орталығымен келісімшартқа отырды. Соған байланысты оқу-әдістемелік жиын өткізіп отырмыз.

Оқудың бірінші күні байланысшылар жаңа технологиямен танысты. Оларға антеннаның барлық бөлшектерін көрнекі түрде түсіндіру жұмысы ұйымдастырылды. Үш күн бойы жүретін оқуда қатысушылар сынақ тапсырып, білімдерін тәжірибе жүзінде растайды. Мирас Мұхамеджанов Алматы облысынан келіпті. Ол жаңа технологияны енгізу – ішкі әскерлер қызметінің жұмысын жеңілдетеді деген ойда.

Мирас Мұхамеджанов, ҚР ІІМ 6654 әскери бөлімінің жер серік станциясы бастығы:
-Мен Петропавл қаласында отырып, локальді жүйе  арқылы өз әскери бөлімімдегі байланысқа кіріп, өзіме керек заттарды қарауға, байланысты басқару болады.  

Оқу-әдістемелік жиынның мақсаты – инженерлердің біліктілігін арттыру, спутниктік байланыстың маңыздылығын түсіндіру болды. Сонымен қатар байланысшылар тәжірибе алмасу мүмкіндігіне ие болды.

 Олег Матвеев, ҚР ІІМ 6637 әскери бөлімі жер серік станциясының технигі:
-Бүгінгі жиылыста біз тәжірибе алмастық, бұрындары телефон желісі арқылы хабар алмасып отырсақ, ендігі таңда видеожиналыс өткізе аламыз.

Жаңа технологияларды қарулы күштер қызметіне енгізу заман талабы. Болашақта осындай жиындар жиі өткізіліп тұрады дейді мамандар.