Қайырымдылық

Интернат балаларына америкалық фирманың сыйлығы

 

 

 

Мектеп -интернаттың жұмыс істеп жатқанына 50 жылға жуық уақыт өтті. Содан бері мұндағы кітапхана жөндеу көрмепті. Толықтай қалпына келтіріліп, жаңарған кітапхананың ашылу салтанатына мектеп ұжымы демеушілерін де шақырған.  Қонақтар интернатқа музыкалық орталық пен энциклопедия, қазақ тілінде үнтаспаға жазылған ертегілер жиынтығын сыйға тартты. Кітапхана қоры батыр бабамыз Бауыржан Момышұлы туралы естелік кітаптармен де толықты.

Сағандық Сүлейменов, СҚО қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары:
-Кітаптың мағынасын түсініп, балалар кітап оқуға үйренсе, болашағы зор болады. Өйткені ол көп нәрсені кітаптан үйренеді.

Ал оған заманға сай жаңғырту жұмыстарын жүргізуге америкалық фирма демеушілік көрсеткен. Жалпы кітапханадағы әдебиеттер қоры 10 000 данаға жетеді.

Наталья Артес, кітапхана меңгерушісі:
-Қазіргі таңда балалардың сұранысына әртүрлі жанрдағы энциклопедиялар ие.
Олар еліміздің тарихын, жануарлар және өсімдіктер әлемін зерттеп, ол туралы мол мағлұмат алғанды ұнатады.  

Қонақтар мектеп-интернаттың материалдық-техникалық базасымен танысты. Мекемеде ата-ана қамқорынсыз қалған 116 бала тәрбиеленуде. Балалардың өмірді толыққанды сезінуі үшін интернатта көптеген іс-шаралар ұйымдастырылып,  вокал, би, спорт, қолөнер үйірмелері жұмыс істейді.

Айгүл Мұстафина, Соколов жетім балаларға арналған мектеп-интернат директоры:
-Балалардың бос уақыттарын әртүрлі іс-шаралармен өткіземіз. Қызығушылықтарын арттыру үшін үйірмелерге қатыстырамыз.

Биылғы жылы мектепте 10-шы кәсіптік сынып ашылды. Онда тәрбиеленушілер сылақшы-әрлеуші мамандығын алып шығады. Балалар, сондай-ақ, қалалық жарыстарға да қатысып тұрады.
 
– Мен би билеймін, ән айтамын.
– Мен кітап оқығанды жақсы көремін, әсіресе ертегі оқығанды.

Мектеп-интернатта балаларды жанұяға орналастыру жұмысы да жүргізіледі. 2 тәрбиеленушіні облыс азаматтары өз қамқорлығына алса, 2 -уі шетел асқан.