Балалар

Бүлдіршіндер Монтессори әдісімен тәрбиеленуде

 

 

 

«Stars» балалар орталығында тәрбиеленушілер үшін барынша қолайлы жағдай жасалыныпты. 2 жасар Ульянаның анасы да мұндай клубтар балалардың жан-жақты жетіліп, жастайынан қатарластарымен еш қиындықсыз тіл табысуына үйретеді дейді.

Татьяна Лукашевич:

Біз таңғы сағат 10-да оянып, 11 кезінде осында келеміз. Осы уақыт өзімізге өте қолайлы. Тәрбиешілер әр баланың қызығушылығына ерекше көңіл бөледі. Бұл ең бастысы деп ойлаймын. Соның арқасында қызым осында келгеннен бері ерте сөйлей бастады.  

Ол үшін психолог, логопед мамандардың жеке сабақтары мен ертегі терапиясының мол септігі тиетін көрінеді. Сондай-ақ бүлдіршіндер арт-студияда  сурет салып, бұл өнерде де өздерін байқап көру мүмкіндігіне ие. Балалардың мұндай жағдайда тәрбиеленуінің бір сағаты – 500 теңге.

Екатерина Кәрімова, қазақ тілі пәнінің мұғалімі:
Мұнда тәрбиешілер Мария Монтессоридің әдісімен жұмыс істейді. Балалар сурет салады, ойнайды.Тамаша қуыршақ театры бар. Мұнда 8 айдан 7 жасқа дейінгі балалар тәрбиеленеді.

Қазіргі таңда бұл жерде 30-ға жуық бүлдіршін тәрбиеленуде. Әзірге орыс тілінде. Мекеме алдағы уақытта қазақ тілінде оқытуды  да жоспарлап отыр.

Инеш Шоқақова