Спорт

Зілтемір көтерушілер сайысы

18 жасар Аман Бланов 2 жыл штангі көтерумен айналысып келеді. Спортшы 55 килограмдық салмақта күш сынасты.

Аман Бланов, «Импульс» клубының тәрбиеленушісі:
-Спортпен айналысқан адам – болашағы бар, алдағы мақсаттарына жететін адам.

Петропавлда мектептен тыс жұмыс бойынша қалалық балалар мен жасөспірімдер орталығы 8 жыл жұмыс істеп келеді. Бүгінгі жарысқа «Достық», «Импульс», «Көктем», «Арман», «Восход», «Родник» және «Ровесник» балалар мен жеткіншектер клубтарының тәрбиеленушілері қатысуда. Жарыс 7 салмақ дәрежесінде өтті. Сайысты өткізудің мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, жастарды әскери дайындыққа тәрбиелеу дейді бас төреші Сергей Гутевич.

Сергей Гутевич, бас төреші:
– Айта кететін жайт, балалар тек уақыт өткізу үшін ғана келіп қоймай, өз спорттық деңгейлерін одан әрі шыңдап, үлкен жетістіктерге де жетуде.

Клуб тәрбиеленушілерінің арасында спорт шеберлері мен кандидаттар бар. 3 тәрбиеленуші гір көтеруден ҚР жастар құрамасына кірген. Гір көтеру, армрестлингтен жарыстар жиі өткізіліп тұрады. 2003 жылдан бері әкімдік жанынан мектептен тыс жұмыс бойынша балалар мен жасөспірімдер орталығы қызмет атқаруда. Онда балалар барлық секцияларға тегін қатыса алады. Жарыс соңында білек күшін дәлелдеген үздіктер дипломмен мараппатталды.