Kurultai banner mobile

Мәдениет

Қаламгерлер тікелей байланысқа шықты



 

Жиында уақыт шектеулі. Сондықтан әр қатысушы әзірлеген туындыларынан үзінді оқып, жұртшылықты шығармашылық жолымен таныстырып үлгеруге асық.  Мағжан, Сәбит, Ғабит сынды  сөз зергерлері өсіп-өнген Солтүстік өңірдегі бүгінгі ақын-жазушылардың шығармашылығына қостанайлық қауым ерекше қызығушылық танытты. Мұндай телекөпірдің екі жақ үшін де берері мол дейді ақын Марал Оспанова.

Марал Оспанова, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, ақын:
– Мұндай жиын білмегенімізді үйреніп, білгенімізбен бөлісуге зор мүмкіндік. Сондықтан бірінші рет ұйымдастырылып отырғандығы қуантады.  

Сондай-ақ отырыста  ақын-жазушылар бір-біріне тікелей сауалдар жолдап, өзара диалог жүргізді.

Василий Коноплев, әдебиетші, педагог:
– Біз өзіміздің туындыларымызды әдеби журналда басып шығарамыз. Ол жылына 4 рет жарық көреді. Сіздерде де «Берега» атты журналдың шығарылатынын білемін. Өзара әріптестік орнатып, туындыларымызбен алмасуға қуана келісер едім.  

Алдағы уақытта мұндай кездесулерді дәстүрлі түрде ұйымдастыру жоспарлануда.

Инеш Шоқақова