Мәдениет

Өнерге әркімнің-ақ бар таласы


 

Мүмкіндігі шектеулі тәрбиеленушілердің ансамблі 2004 жылы құрылған. Барлығы 3 топта би элементтерін 30-дан астам тәрбиеленуші меңгеруде. Жоғары топқа 6 биші қатысады екен. Біздің оқушылардың есту қабілеті нашар болғандықтан оларды сайыстарға дайындау қиын дейді бишілердің ұстазы Ольга Ростовщикова.

Ольга Ростовщикова, саңырау балаларға арналған облыстық мектеп-интернат мұғалімі:
-Қарағанды қаласына бара жатқанда балалар қатты толқыды. Себебі  олар дені сау, тәжірибелі бишілермен бақ сынасуы керек қой. Алайда, шәкірттерім өз мүмкіндіктерін барынша көрсеттті. Біз әрине бұған қуаныштымыз.  

Интернат тәрбиеленушілері латын-америкалық билерден самбо, ча-ча-ча, джайв, ал  еуропалық бағдарлама бойынша  вальс билейді. Бір биге 1 ай көлемінде дайындық кетеді. Осы уақытқа дейін жеткіншектер  бірнеше халықарлық турнирдің дипломдарымен марапатталған екен.  

– Біз сайысқа түскенде өте қатты толқыдық. Дегенмен өзімізді жақсы көрсеттік деп ойлаймын.
– Бізге Алматы қаласынан келген бишілер қатты ұнады.

 Әсемгүл Есенғазина 16 жаста, 2011 жылы ол «Жұлдызай» сайысында әнді сурдоаударма арқылы түсіндіріп, жүлделі 1 орынға ие болған.

Енді би тобы ақпанның 28-інде Астрахань қаласында өтетін халықаралық турнирге шақыру алды.