Мәдениет

Ақындар байқауы



 

Біртуар ақын Мұқағалидің сырлы да сұлу   жырларынан қанаттанып, поэзияны серік еткен жастардың бірі -Назгүл Райымбекова. Қазақ мектеп-гимназиясының ұстазы ішкі жан дүниесінің сыры тербелген ұйқасты шумақтарынан қатарластары өнегелі өріс алатынына сенеді. Байқауға қатысқан  14 жас ақын қанатты сөзді қазынам деп таныған қара өлең ұйқасының зергері Мұқағали Мақатаевқа, тіл және егемендікке арналған екі төл туындысын мәнерлеп оқып берулері шарт. Байқаудың екінші кезеңі әуенді де әуезді болды. Онда сайыскерлерге Мұқағалидің сөзіне жазылған әнді нақышына келтіріп шырқап беру талабы қойылды.

Жеңіс Ермұқанов