Қоғам

Үш адамды құтқарған әскери қызметші марапатталды

 

Ақпан 4-інде кешкі саған 5 шамасында Борки кентінің маңында орналасқан жер үйлердің бірінде қатты жарылыс болды. Бұл кезде Виталий Елисов әдеттегідей кенттегі спорттық базада шынығып жатқан-ды. Түтіндеген үй ішіннен айқайлап жатқан әйелдің дауысын естіген ол, еш ойланбастан  көмекке келеді. Баспананың қабырғасы мен төбесі құлағандықтан, әйел адамды бірден табу мүмкін болмаған. Виталий газ шаруашылығының ебін білгендіктен, дереу қолда бар көрпешемен газ шыққан тетікті жауып, үйдің от шалған жерлерін сөндірген.  Виталий Елисов 2007 жылдан жергілікті әскери институтта қызмет етеді. Автомобиль ротасының жүргізу бойынша аға нұсқаушысы бұған дейін де жұмысында жауаптылығымен ерекшеленген, әрқашан көмек көрсетуге дайын тұрады дейді оның қызметтестері.
Ерлігімен көзге түскен азаматты Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігі Ішкі әскерлер Қолбасшылығынан келген подполковник Самат Смағұлов “Қазақстан Республикасының әскеріне 20 жыл” мерейтойлық медалімен марапаттады. Сонымен қатар, «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының, СҚО Ішкі істер және Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері ерлік көрсеткен жерлесімізге алғыс хат табыс етіп, өз тартуларын жасады. Сондай-ақ жоғарғы қолбасшылық аға сержант Виталий Елисовты Үкіметтік марапатқа ұсынып отырған көрінеді.