Қоғам

Сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелеріне арналған видеоконференция



 

Бүгінгі таңда жемқорлыққа қарсы күрес әлемдік проблемаға айналып отыр.Мәселе Қазақстанды ғана емес, Украин мемлекетін де алаңдатуда. Сондықтан  СҚО әкімдігінің мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау аймақтық орталығы украиндық әріптестерімен көзқысты бармақ бастылықтың тамырына балта шабу мақсатында өзара пікір алмасты.

Татьяна Лебедева, СҚО мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау аймақтық орталығының директоры:
– Біздің аймақтық орталық осындай шараларды көптеп өткізіп тұрады. Мемлекеттік қызметке келгенде барлығы жемқорлыққа қарсы күрес заңынан тестілуден өтеді. Сыннан өткендерге заңмен қалай жұмыс істеу керектігін түсіндіреміз. Құқық қорғау органдары мен статистика мамандарымен тығыз байланыстамыз. Біз жемқорлыққа қарсы күрес мәселесін талқылаған кезде өзге елдермен неге пікір алмасып көрмеске, деген сұрақ туындады. Және бұл мәселені басқа орталықтармен талқылау өте орынды.

Солтүстікқазақстандықтар сыбайлас жемқорлыпен қарқынды күрес жүргізіп келеді. Мәселен, былтыр тәртіптік кеңес мүшелері заңға қайшы әрекет еткен 11 қызметшіні орындарынан босатқан. Осындай мәселелер қайталанбас үшін алдын алу шаралары жүргізілуде.

Лидия Губарева, мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау аймақтық орталығының оқытушысы:
– Қазіргі кезде негізгі мәселелерді шешу үшін бірнеше нысан ашылды. Олардың көмегі көп. Адамның бейнесін анықтауға және сараптама жасауға көмектеседі. Мемлекеттік қызметкерлерге эссе жазу тапсырылады. Сол арқылы өз көзқарастарын білдіреді.

Дархан Алпысов, Шал ақын аудандық әкімдігі аппаратының бас маманы:
-Мен бүгінгі шараға қатысқаныма өте қуаныштымын. Жемқорлыққа жол бермеу үшін елімізде көптеген іс-шаралар өткізілуде. Өзекті мәселелер талқылануда.
Бүгінгі онлайн кездесу де пара берушілермен, оны алушылармен күреске септеседі.  

Украин елімен жемқорлыққа қарсы күрес жайында пікір алмасу біз үшін пайдалы  дейді  конференцияға жиналғандар. Мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.